Жоспар: Өлең жəне өлең сөз туралы түсінік



жүктеу 94.8 Kb.

Дата19.02.2017
өлшемі94.8 Kb.

8-ДƏРІС 

 

Тақырыбы: Өлең құрлысы 



 

Жоспар: 


 

1. Өлең жəне өлең сөз туралы түсінік 

2. Өлең жүйелері туралы түсінік 

3. Метрикалық өлең жүйесі 

4. Силлабикалық өлең жүйесі 

5. Тоникалық өлең жүйесі 

6. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі 

7. Өлең жəне лирика 

 

  1. Өлең жəне өлең сөз туралы түсінік 



Қай  халықтың  əдебиетінде  де    поэзиялық  туындылардың  алар  орны 

айрықша.  Поэзия  дегенде  ойымыз  өлеңге    ойысатыны  да  түсінікті.  Сонда, 

өлең дегеніміздің өзі не? 

Бұл сұраққа жауап беру ұшін төмендегідей сұрақтарға жауап іздеуге тура 

келеді: 1/ Өлеңнің  прозадан айырмашылығы қандай? 2/ Бір тілге немесе бір 

дəуірге тəн өлеңнің  басқа  тілге немесе дəуірге  тəн  өлеңнен  айырмашылығы 

қандай? 3/ Бір өлеңнің екінші өлеңнен айырмашылығы қандай? 

Бір  қызығы  осылардың  ішіндегі  ең  қиыны  –  алғашқы  сұрақ.  Егер  оны 

түрлі    жастағы  адамдарға  қояр  болсақ,  мектеп  жасына  жетпеген  балдырған: 

«Өлең    қысқа-қысқа  жолдармен  жазылады»,  оқушы:  «Өлеңде    ырғақ  пен 

ұйқас  болады»,  студент:  «Өлең  –  лирикалық  қаһарманның  сан  қилы  көңіл 

күйін  танытатын  ой-сезімдерді    бейнелеген  поэтикалық  тілдің    ерекше 

құрылымы»  деп  жауап  берер  еді.  Айтылған  үш  пікір  де  дұрыс,  ал  соның 

ішінде өлең анықтамасына мейлінше  жақын келетіні  балдырғанның жауабы 

болып  шығады.  Өйткені  біздің  түсінігімізде  қалыптасқан  «өлең»  ұғымының 

түп  мағынасы  грек  тілінде  «қатар,  жол»  деген  мағына  беретін  «stichos» 

латынның  «бұрылыс»    мағынасындағы  «versus»  сөздерімен  өзектес.  Енді 

«өлең дегеніміз не?» деген сұраққа жауап қарастыралық. 

Белгілі  əдебиет  теоритегі,  академик  З.Қабдолов:  «…  өлең  –  еркін 

сөйленетін  жай  сөздер  тіркесі  емес,  ырғағы  мен  ұйқасы  белгілі  қалыпқа 

түскен,  шумағы  мен  бунағына  дейін  белгілі  қалыпқа  түскен,  шумағы  мен 

бунағына  дейңн  белгілі  тəртіпке  бағынған  нақысты    сөздер  тізбегі»  деп 

тұжрымы  жасайды,  жəне  бір  тұста  «…  поэзия  дейтініміз  -  өлеңді 

шығармалар» (Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1982. 254-255 беттер) деген 

ой айтады. 

1998  жылы  жарық  көрген  «Əдебиеттану.  Терминдер  сөздігінде»  «өлең» 

терминнің  бірнеше мағыналық  қолданысы көрсетілген.  «Біріншісі - əн  өлең, 

əн  салып,  əн  шырқап  айтатын  -  өлең,  яғни  музыкалық  өнер  мен  сөз  өнеріне 

ортақ  туынды.  …  Екіншісі  –  көбінесе  жеңіл,  ықшамды  ғана  əуенмен, 

мақаммен  термелеп  айтылатын  өлеңдер,  жырлар,  яғни  ауызша  поэзияның 



туындысы.  Үшіншісі  –  оқылатын,  сөйлеп  айтылатын  өлең,  яғни  жазба 

поэзияның туындысы, əр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең 

деген  сөзді  кең    мағынада  алып,  көлемі  қысқалау  келетін  поэзиялық 

шығармалардың  бəріне  ортақ  жалпылама  атау  ретінде    олдану  да  жиі 

кездеседі».  Осы еңбектің    «Өлеңші»   терминіне анықтама берілген  тұсында: 

«Өлең деп қазақ поэзиясында əнмен айтылатын өлеңді де (песня), белгілі бір 

əуеннің  сүйемелімен  айталытан  өлең-жырларды,  тақпақтап  айтылатын, 

оқылатын өлең сөзді де  (стих) атай береді» деген пікір кездеседі. 

Өлеңге  байланысты  айтылған  бұл  пікірлердің    дұрыстығына  күмəн  жоқ. 

Дегенмен «өлең» терминіне байланысты нақтылай түсер жəйттер бар. 

Біріншіден,  анықтамаларға  негіз  болып  тұрған  «өлең»  сөзі  «поэзиялық 

туынды»  деген  мағынада  алынғанын  аңғарамыз.  Бұл    тұрғыда  ол  орыс 

тіліндегі    «стихотворение»  деген  түсінікпен  мəндес  келеді.  Ал  осы  

«стихотворение»  сөзіне    сөзжасам  тұрғысынан  талдай  қарасақ,  оның 

«стих»жəне  «творение»  деген  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалып,  «һлең 

туынды»  немесе  «өлеңмен    жазылған  туынды»  деген  мағына  беретінін 

байқаймыз.  Бұл  «өлең»  терминінің    жоғарыда  көрсетілген  мағыналардан 

басқа  тағы    бір  мағыналық  қолданыс  иеленетінін  аңғартады.  «Ол  қандай 

мағына?» деген сұраққа жауап іздер болсақ, гректің «stichos» сөзінен өрбитін 

«стих»  мəніндегі  терминдік  мағынасы  болып  шығады.  Ал  «стих»  дегеніміз 

өлеңемес, өлеңнің құрамдас бөлшегі. 

«Өлең  дегеніміз  не?»  деген  сұрақтың  жауабын  да,  ең  алдымен,  осы   

мағыналық  қолданысқа  қатысты    қарастырып,  өлеңге  негіз  болатын 

бөлшекке  назар    аудару  қажет.  Ал  өлең  негізі  өлең  сөз    (стих)  болып 

табылады.  Өлең  сөз  -  өзара  байланысты,  əрі  шамалас    бөліктерге  

бөлшектеуге    келетін  жүйелі  көркем  сөз.  Шартты  түрде  алар  болсақ,  өлеңге 

қарсы  мəндегі  əдеби  құбылыс  проза  екені  түсінікті.  Проза  тілі  де  іштей  

бөлшектерге  бөлінеді.  Прозадағы  дыбыстық-ырғақтық  бөлшектерді  колон 

дейміз.  Ал  өлең  сөзге  тəн  дыбыстық    бөлшектерге  шумақ,  тармақ,  бунақ, 

ырғақ  жататыны    белгілі.  Прозамен  салыстырғанда  өлеңдегі  дыбыстық  

бөлшектеудің  екі  түрлі    ерекшелігі  бар:  1/  прозалық    мəтінді  мүшелеуде 

синтаксистік 

паузалар 

басты 


роль 

атқарса, 

өлеңдегі 

бөлшектеуші 

паузалардың    синтаксистік  паузалармен  ұдайы  сəйкес  келуі  шарт  емес;  2/ 

прозада  бөлшектеуші  паузалар    белгілі  бір    дəрежеде    еркіндікке  мүмкіндік 

берсе,  өлең    сөздегі    паузаларды  жүйелілік  қатаң  сақталадыв.  Аталмыш 

жүйелілікке  тəуелді өлең  бөлшектерін мəтіннің қағазға  түскен  көрінісінен 

де айқын көре аламыз. Осы тұста мəтіндегі синтаксистік жəне  поэтикалық 

бөлшектеуші    паузалардың    сəйкессіздігіне  білдіретін  жеке  термин  бар  

екенін  де  ескерте  кеткен  орынды.  Ол  –  француз  тілінде    «тасымал»  деген 

мағына білдіретін «enjambement»  («анжамбман») деген термин сөз. 

Əдебиеттануда  «өлең  құрылысы»  немесе  «версификация»  деген  де  

түсінік  бар.  «Versus»  сөзінен  өрбитін  «версификацияның»  мағынасы  «өлең 

құрастырушылық»  дегенге  саяды.  Қалай  болғанда  да,    өлең  құрылысы 

дегенде өлең тіліндегі дыбыстық құрамды үйлестіру тəсілін түсінеміз. 



Өлеңге  берілген  анықтаманы    жіктей  қарастырар  болсақ,  біріншіден, 

өлең  сөз  -  өз  ара  байланысты  бөліктерге  бөлшектеуге  келетін  жүйелі 

көркем  сөз  екендігін;  екіншіден,  өлең  сөз  –  шамалас  бөліктерге 

бөлшектеуге  келетін  жүйелі  көркем  сөз  екендігін  байқаймыз.  Осындағы  «өз 

ара байланысты бөліктер» деген тіркестің мəніне назар  аударып көрелік. 

Прозалық  мəтінді  оқу  кезінде  негізгі  мағыналық  желіні  қуалай  оқу 

дағдысы басым болып   тұратындықтан,  сөйлем құрамындағы  сөздердің  бəрі 

бəрдей  қаз-қалпында  жадымызда  қала  бермейді.  Ал  өлең  оқығанда,  əсіресе, 

ұйқаса  құрылған  өлең    оқу  кезінде,  əрбір  тармақ    соңында  алдыңғы  

тармақтың соңғы сөзіне  міндетті түрде оралып отырамыз. Басқаша айтқанда,  

прохзадағы сөздер бірімен-бірі тізбектеле байланысса,  өлең мəтіндегі сөздер 

«тізбектік»  байланыспен  қатар    прозаға  қарағанда,  өлең  сөздегі  əр  сөздің 

өзара    байланыстылық  жүйесін  ұлғайтады  да,  соған  сəйкес    өлеңдегі    əр 

сөздің мағыналық жүгі де  салмақтана түседі.  

Анықтамадағы    екінші  сыңардың,  яғни  «өзара  шамалас  бөліктер»  деген 

тіркестің мəні неде? Бөліктердің өзара шамалас екендігін  тану үшін  қандай  

өлшемдерге  сүйену  қажет?  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру    «бір  тілге  немесе 

дəуірге тəн  өлеңнің басқа тілдегі  немесе дəуірдегі өлеңнен айырмашылығы 

қандай?» деген сауалға да жауап болып шығады. 

Бір тілдегі (дəуірдегі) өлеңнің екінші тілдегі (дəуірдегі) өлеңнен ең басты 

айырмашылығы – тармақ өлшемінде. 

Көркем  мəтіннің белгілі бір өлшемге негізделген тармақтарға бөлінуінің 

өзі,  яғни  синтаксистік  мағынаға    тəуелсіз    паузалардың  тармақ  басында 

көтеріліп,  соңына    қарай  бəсендейтін  дауыс  ырғағын  туғызуы,оған  өлеңге  

тəн  интонация  дарытады.  Сонымен  бірге  əр  тармақ  өзара  шамалас  қалыпты 

сақтау  үшін  қандай  да  бір    реттілікке  бағынады.  Бұл  реттілік  дыбыс 

бөлшектері    арқылы  жүзеге  асады.  Өлең  құрылысының  қай  жүйеге  тəн 

екендігі  тармақ  өлшемінің  бірлігі  ретінде  қандай    дыбыстық  бөлшектің  

алынуына байланысты анықталады. 

2. Өлең жүйелері туралы түсінік 

Тармақ  сөзбен,  бунақпен,  буынмен  өлшенеді.  Барлық  тілдегі  өлең 

тармағының  негізгі  өлшем  бірлігі  -    буын.  Буынның  фонетикалық  негізгі 

сипаттарына  əуез,  сан,  екпін  сияқты  белгілері  алынады  да,  соған  орай  өлең 

жүйелері  метрикалық  (кватитативті),  силлабикалық,  тоникалық,  силлабо-

тоникалық  болып  сараланады.  Енді    осы  өлең  жүйелерінің  ерекшеліктеріне 

назар салайық. 

3. Метрикалық өлең жүйесі 

Метрикалық  немесе  квантитативті    жүйе  -  өлең  жолдарының  айтылу 

уақытының    сəйкестігіне    (изохронизм)  негізделіп,    тармақтағы  дыбыстық  

өлшемдер  буындардың  созылыңқы  немесе  қысқа    қайырылуы  арқылы 

реттелетін өлең құрылысы. Бұл  жүйе  буындағы  дауыстылардың созылыңқы  

немесе  қыса  айтылуы  сөз  мағынасын  өзгертуге  ықпалды    тілдерге  тəн. 

Метрикалық  өлең  жүйесінің  мейлінше    жарқын  үлгілері  антикалық  өлең 

құрылысынан,  араб    жəне  парсы  поэзиясындағы  аруздан,  санскрит  тіліндегі  



джатидан,  сондай-ақ,  фин  жəне  классикалық  қытай  өлеңі  құрылысынан 

жақсы байқалады. 

Метрикалық  өлең  құрылысының  негізіне    алынатын  өлшем  –  мора. 

Латын тілінде «уақыт аралығы, пауза» деген мағына беретін «мора»  сөзі бұл 

жерде    дыбысты  айтуға  кететін  уақыттың  ең  кіші  бірлігі  болып    табылады. 

Сондай-ақ,  əдебиеттануда  мора  ұғымымен  мəндес  хронос  протос  деген  де 

термин бар. Грек тілінде «chronos  protos»  бастапқы уақыт дегенді білдіреді. 

Екі    терминнің  де  түп  мағынасы  антикалық  өлең    құрылысындағы  қысқа 

буынның  қалыптасқан  айтылу    ұзақтығын  білдіреді,  яғни  өлеңдегі  уақыт 

өлшемінің  ең    жүйесіндегі    өзге  өлшемдерге    мора  негіз  болады.  Мысалы, 

ұзақ буын – екі мораға, ямб – үш мораға, т.с.с. тең болады. 

Аталмыш өлең  жүйесінің  өзі  таза  метрикалық жəне силлабо-метрикалық 

болып, екі түрде бөлінетінін де ескеру керек. Таза метрикалық жүйеде негізгі 

өлшем  такт  болып  табылады.  Такт  –  моралар  бірігуінен  пайда  болатын 

өлшем.  Ал  силлабо-метрикалық  жүйеде  такт    құрамындағы    буындардың 

позициясы ықпалды роль атқарады. 

Метрикалық  өлең  жүйесі  алғаш  б.д.д.  ҮІІІ  ғасырда  ежелгі  Грекияда 

папйда  болып,  б.д.д.  Ш  ғасырдан    бастап    латын  əдебиетінде    кеңінен 

дамығаны  əдебиет  тарихынан  таныс.  Бұл  жүйе  ежелгі  үнді,  қазіргі  араб, 

парсы  поэзиясында    ұшырасады.  Сөзбе-сөз  алар  болсақ,  грек  тіліндегі 

«metron»    сөзінен  шыққан  «metrike»  -  «өлшем»  деген  мағына  береді. 

Əдебиеттануда «метрика» термині түрлі мəнде қолданылады: 

Əр  тілге  тəн өлеңдердің бір-бірінен айырмашылығы  - тармақ өлшеміне 

байланысты  болатынын,  тармақ  өлшемінің  негізгі  бірлігі  –  буын  болып 

табылатынын  жоғарыда  айттық.  Метрикалық  өлең  жүйесіндегі  тармақты 

құрайтын 

буындардың 

бір-бірінен 

өзгешелігі 

буын 


құрамындағы 

дауыстылардың    айтылуына  (созылыңқы  немесе  қысқа)  байланысты  екеніне 

де тоқталып өттік. 

4. Силлабикалық өлең жүйесі 

Грек    тілінде  «буын»  деген  мағына  беретін  «sillabe»  сөзінен  бастау 

алатын  силлабикалық  өлең  жүйесі  де    тармақтар  құрамындағы    буынға 

байланысты    дараланады.  Аталмыш  екі  жүйеге  тəн    айырмашылықтың  мəні 

мынада:  метрикалық жүйедегі  буын ерекшелігі дауыстылардың айтылуына 

қатысты  болса,    силлабикалық    жүйеде    өлең  құрылысын  буын  саны 

(изосиллабизм)    белгілейді.  Соған  сəйкес  силлабикалық    өлеңдер  төрт  

буынды,  бес  буынды,  т.с.с.  болып  ажыратылады.  Сегіз    буыннан  асқан 

тармақтарда    тармақты  қысқа  бөліктерге      бөлетін    цезура  пайда  болады. 

Латын тілінде «кесінді»  деген мағынаны білдіретін цезура – қазақ өлеңіндегі 

бунақ  ұғымына  жақын.  Силлабикалық  өлең    жүйесі,  негізінен,  сөзге  

түсірілетін  екпіні  тұрақты  тілдерге  тəн    болып  келеді.  Өлең  құрылысы 

силлабикалық  жүйеге  негізделетін    тілдер    қатарына  ведий,  авеста,  балтық 

жағалауы  халықтарының  тілдері  жəне  славян  (əсіресе,    серб,  хорват,  чех, 

болгар)  тілдерін    қамтитын  үнді-европалық  тілдердің  шығыс  тобын 

жатқызуға  болады.  Роман  тілдерінде  силлабикалық  өлең  жүйесінің  пайда 


болуы  латын  тіліндегі  қысқа  жəне  созылыңқы  буындар  арасындағы 

айырмашылық жоғалған тұстан басталады. 

Қазақ  өлеңі  де  силлабикалық  өлең  жүйесіне  жатады.  Осы  тұста  айта 

кеткен  жөн,   біздің  көздеген  мақсатымыз  əдебиеттануға байланысты   негізгі 

ұғымдар  жайында  жалпы  түсінік  беру  ғана  болғандықтан  ,  қазақ    өлеңінің 

ерекшелігі    жайында  арнайы    сөз  етпейміз.  Қазақ  өлеңі  жайында  кеңінен 

мағлұмат  алуға  құштар    талапкерлерге  осы  мəселе  кең    ауқымда,  арнайы  

қарастрылатын еңбектерді, яғни З.Ахметов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, т.б. да 

белглі  ғалым-əдебиетшілердің  өлең  теориясына  арналған  зерттеулерін  оқуға 

кеңес береміз. 

5. Тоникалық өлең жүйесі 

Тоникалық өлең жүйесіндегі тармақ  өлшемі екпін  түсетін буын санымен 

есептеледі,  ал  тармақ  құрамындағы    екпін  түспейтін  буындар    саны    есепке 

алынбайды.    Яғни  тоникалық  жүйедегі  өлшем  -  екпін  саны  (изотонизм) 

болып  табылады.  Тоникалық  өлең    тармақтарындағы  жалпы  буын    саны  əр 

түрлі  болғанымен,  екпінді  буын  саны  бірдей  болуы  шарт.    Силлабикалық 

өлеңге  қарағанда,  аталмыш  жүйедегі    өлеңді  прозадан  ажырату  едəуір 

қиындық  келтіреді.  Сол    себепті  де  тоникалық  өлеңдегі    тармақтарды  

ажыратуда    аллитерация  мен  ұйқас    үлгісіндегі    дыбыстар  үйлесімі  жиі 

пайдаланылады.  Ал  ұйқассыз  тоникалық    өлеңде    тармақтардағы  екпінді 

буын  саны  (изотонизм)    қатаң  сақталады  да,  ұйқасқа  негізделген  тоникалық 

өлеңде изотонизм заңдылығынан  ауытқушылық кездесе береді. Егер екпінді 

буындар  арасындағы  екпінсіз  буындар  саны    ала-құла  болып  келсе,  онда 

тоникалық  жəне  силлабо-тоникалық  өлең  жүйелерінің  ортасындағы    өтпелі 

өлең    түрлері    пайда  болады  да,    екпін  түскен  буындар  иктілер  сияқты,  ал 

екпінсіз  буындар икт  аралық  интервалдар   сияқты əсер етіп,  өлеңде ырғаққа 

негізделген метр өлшемі көрініс береді.  

6. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі 

Тоникалық  жəне  силлабо-тоникалық өлең  жүйесіне қатысты  «икт»,  «икт 

аралық  интервал»,  «арсис»,  «тезис»  деген  де  терминдер    ұшырасып  тұрады.  

Тура мағынасында алар болсақ, латын тілінде  «ictus»  - «соққы, екпін», грек 

тілінде  «arsis»  -  «көтерілу»,  «thesis»  -  «аяқтың  төмен  түсуі»  деп  аударылар 

еді.  Өлең    құрылысына  қатысты  алсақ,  икт  немесе  арсис  -  өлеңде    ырғақ 

екпіні  түсетін  күшті  буынды;  тезис  өлең    ырғағындағы    əлсіз  буынды 

білдіретін терминдер. «Икт аралық интервал» дегеніміз де тезиспен мəндес 

термин. 


Екпін мен буынға байланысты  тоникалық өлең жүйесінің өз  ішінен  тағы 

бір  түр  бөлініп  шығады,  яғни  екпінді  жəне  екпінсіз  буындардың  белгілі  бір 

тəртіппен  кезектесе  келуіне  негізделетін  силлабо-тоникалық  жүйе  пайда 

болады.    Бұл  өлең  жүйесінде  арсис  пен  тезис  арасы  анық  көрініп,  басыңқы 

мəнді  екпін  тсетін  буын,  бағыныңқы    мəнді  екпінсіз  буын  атқарады.  Əлсіз 

буынға  екпіннің    түсуі  өте  сирек  кезедсетін  жағдай  болса,  күшті    буынға 

екпін түсуіне қатысты ешбір шектеу болмайды. Аталмыш  жүйеге тəн белгілі 

өлең  түрлері  бар  да,  əр  өлең  түрлерінің  өзіндік  өлшемі  жəне  бар.  Осыған 

байланысты  бірер  сөз.  Иктілер  мен  икт  аралық  интервалдардың  біркелкі 


қайталанып  келуі  бунақ  деп  аталады.  Осы  бунақ  тұрғысынан  силлабо-

тоникалық    өлеңдер  қос  буынды  жəне  үш  буынды  өлшемдегі  топтарға 

бөлінеді.  Қос  буынды    өлшемдік  өлеңдерге    хорей,  ямб;  үш  буындыларға 

дактиль,    амфибрахий,  анапест  жатады.  Ал  буын    саны    бірдей  аталмыш 

өлең  түрлері  бір-бірінен  екпін  түскен    буын  арқлы  ажыратылады.  Мысалы, 

қос  буынды  ямб  мен  хореді  алайық.  Ямб  үлгісінде  екпін    екінші  буынға, 

хорейде  бірінші  буынға  түсіп  отырады.  Ал  үш  буынды  өлең  түрлеріне  

тоқталсақ,  дактильдегі  екпін  –  бірінші,  амфибрахийда  –  екінші,  анапесте 

үшінші буынға түсіп отырады. 

Силлабо-тоникалық  өлең  құрлысы  көптеген  тілдерде  тоникалық  жəне 

силлабикалық  жүйелер  аралығында  тұрғандай  қабылданатын  өтпелі  өлең 

түрлерінң  жасалуына  да  жол  ашты.  Бұл  орайда  логаэд,  дольник,  тактовик, 

ерікті өлең, т.с.с. түрлерді атауға болады.  

Қорыта  айтар  болсақ,  өлең  -  өлең  сөзбен  жазылған  жəне  лирикалық 

сипаты  басым  шағын  көлемді  əдеби  туынды.  Осы  мағынасында  өлең  əр 

халықтың  əдебиетінде  түрлі  жанрларда  көрініс  тапқан.  Мысалы,    сонет, 

элегия, ғазал, бəйіт, рубаи, т.с.с. 

«Өлең»  ұғымы  ХІХ-ХХ  ғасырларда  нақты  мазмұн  иелене  бастады.  Яғни 

өлең  сөз  лириканың  аса    маңызды  пішіні  (форма)  ретінде  қабылданып 

үлгерді.  Оның  сыры  өлең  сөздің  адамның  ой-сезіміндегі  сан  алуан 

құбылыстарды  бейнелеуге  мейлінше  бейімділігінде  жатыр.  Өлең  сөз  бен 

лиризм  арасындағы  байланыс  тым  əріден  басталады.  Белгілі  бір  ырғақ 

арқылы  дыбыстық  бөлшектерге    бөлініп  айтылатын    өлең  сөздің  əсері  тура 

сол  үлгідегі  сөйлемнің  қара  сөзбен  айтылған  сəттегі    əсерінен  мүлдем 

басқаша  болатынын  аңғару  қиын  емес.  Мысалы,  «Мен  көрдім  ұзын  қайың 

құлағанын...» 

Өлең  сөздің лирикалық құбылыстарды бейнелеуге бейімдігі нəтижесінде 

уақыт  өте  келе,  «өлең»  ұғымы    лириканың  əмбебап  түрі  ретінде    санада 

қалыптасып  кетті.  Қазіргі  таңда  өлең  мен  лириканы    бір  ұғым  деп  

түсінуіміздің  сыры  осында.  Шындығында  лирика  -  əдеби  тектің  бір  түрін 

білдіретін сөз. Ал əдеби тек жайында кейінірек əңгімелейміз. Өлең – көркем 

сөз  құрылымының  белгілі  бір  тілдік-дыбыстық  жүйесіне  негізделген  əдеби 

туынды.  Бұл  пікірімізге  дəлел    ретінде    «лирикалық  проза»  немесе 

«прозадағы  өлең»  мəселесін  алуға    болады.  Мұндай    шығармаларға  

құрылымында    өлеңге  тəн  басты  сипаттар,  яғни  көлемнің  шағындығы, 

оқиғаға 


қарағанда 

сезімнің 

басымдығы, 

бейнелеу 

тəсілдерінде 

объективтіліктен  гөрі  субъективтіліктің  үстем  болуы  сияқты  белгілер 

айрықша  байқалатын  əдеби    туындылар  жатады.  Бұл  шығармаларда  өлшем, 

ырғақ, ұйқастардың сақталуы шарт емес. 

7. Өлең жəне лирика 

Əрине,  өлең  –  ұзақ  əңгімелеуге  болатын  мəселе.  Əдебиеттануда  өлең 

мəселесін  əдеби  туындының  дыбыстық  құрылымы  тұрғысынан  арнайы 

қарастыратын «Өлеңтану деген сала да бар. Яғни  өлеңтану əдеби туындыны 

өлең  сөз  (стих)    тұрғысынан  зерттеп,  сөздер  құрамындағы  дыбыстар 

құрылымына  баса назар  аударады. Соған сəйкес, өлеңтанудың өзі  іштей үш 



арнаға  таралады  да,  1/  фоника  дыбыстар  үйлесімін,  2/  метрика  өлең 

тармақтары құрылымын жəне 3/ строфика тармақтар үйлесімін қарастырады. 

 

 

Негізгі əдебиеттер: 



1. 

Ахметов К. Əдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004. 

2.  Атымов М. Идея жəне композиция. А., 1970. 

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 

4. Нұрғали Р Əдебиет теориясы.  Астана ,2004 

5. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. Алматы, 1970 

6. Əдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998 

 7. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983 

 8.Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978 

9. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж. 

10. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,    

1995ж. 


 

 

Қосымша əдебиеттер 



11. Əдібаев Х. Көкжиек. А., 1977. 

12. Тілепов Ж. Тарих жəне əдебиет. А., 2001. 

13. Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі. А., 1997. 

14. Серікқалиев З. Ақ жол. А., 1990. 

15. Мүсірепов Ғ. Заман жəне əдебиет. – Алматы, 1982ж. 

16. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы, 1966ж. 

17. Тəжібаев Ə. Өмір жəне поэзия. – Алматы, 1960ж. 

18. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – Москва, 1976ж. 

19. Горький А. Əдебиет туралы – Алматы, 1984ж. 

20. Хасенов М.  Ұнамды образ жəне типтендіру. – Алматы, 1966ж. 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал