Қарама-қарсы әрекетпен ойлау — позитивті ойлаудың баламасы
Позитивті ойлаудан бас тартпаңыз, тек оның сізге жұмыс жасауына мәжбүрлеңіз. Арманыңызды шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Тек позитивті әрекеттерді ғана алға тарта бермей, алдағы қиын кездер мен ықтимал сәтсіздіктерді де санадан шығармаған ләзім.
Габриэль Эттинген мен оның әріптестері жүргізген бірнеше зерттеу қорытындылары қарама-қарсы ойлау мотивация мен нәжижелілікті жоғарлататындығын дәлелдеді. Self-Regulation of Goal Setting: Turning Free Fantasies About the Future Into Binding Goals барысында Германияда 168 студентпен олардың армандары туралы сұрақ-жауап жүргізілді. Сондай-ақ олар осы арман-мұраттарының орындалу ықтималдығын да бағалауы тиіс еді. Онда әрбір студент өзінің мақсатын іске асыру барысындағы позитивті мүмкіндіктері мен кедергілері туралы сөз қозғады.
Сосын тәжірибеге қатысқа студенттерді төрт топқа бөліп, оларды бағалау жүргізілді. Оның бірінші тобы қарама-қарсы әрекетпен ойлайтын топ: өзінің арманының бірінші позитивті, сосын негативті сценарийлерін көрсеткендер. Екінші тобы тек позитивті тұстарын айтқандар, ал үшінші топ еңсерілмейтін кедергілерді ғана көрсеткен студенттер. Төртінші топ бірінші негативті, сосын позитивті сценарийлер ұсынғандар.
Екі апта өткеннен соң ғалымдар қарама-қарсы әрекетпен ойлайтын студент тобының мотивациялық әрекетке көшу процесін байқады.
Қарама-қарсы әрекетпен ойлау экспериметке қатысушыларды шындыққа жанаспайтын мақсаттардан бас тартып, барынша мүмкін мақсат-мұраттарға күш жұмсауына жол ашты.
Қарама-қарсы әрекетпен ойлау біздің күш жігерімізді ақылмен жұмсауға ғана көмектеспейді, ол бізді ықтимал кедергілерге дайын болуға бағыттайды. Бұл әдіс кедергілер бола қалған кезде жоспарланған, ақылға салынған шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |