Жоспар: Проблемалық оқытудың негізгі мақсаты



Дата02.03.2023
өлшемі79,23 Kb.
#71018
Байланысты:
М.Шұғыла Қтә-202



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
 
 



СӨЖ
 
Пәні: Қазақ тілін оқытудың әдістемесі
Тақырыбы:«Келелі (проблема)жағдайда оқыту технологиясының теориясы мен практикасын қазақ тілі сабақтарын қолдану »
Орындаған: Мамырбекова Шұғыла қтә 202
Қабылдаған: Жусанбаева С.Б.


Жоспар:
1.Проблемалық оқытудың негізгі мақсаты.
2.Проблемалық оқыту жағдайындағы мұғалімнің қызметі.
3.Проблемалық оқытудың ерекшелігі.
4.Проблемалық ситцациядан шығу жолдары.


Проблемалық ситуацияның рөлі мен мәнін айқындау оқу процесін оқушының белсенді ойлау қызметінің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке алу негізінде қайта құру идеясына алып келді. Жаңа педагогикалық фактілерді теориялық ой елегінен өткізу барысында проблемалық оқытудын негізгі идеясы анықталады: білімдердін елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді,оларды оқушылар проблемалық ситуация жағдайларындағы дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады. Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
1. Проблемалық оқытудың педагогикалық негізі.
Қазіргі педагогикалық оқыту процесінде балаларды жалпы дамыту мәселелері зерттелуде.


Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке бастың аса маңызды көрсеткіші - жоғары дәрежедегі ойлау қабілетінің болуы. Егер оқыту творчестволық қабілеттерді дамытуға алып келетін болса, онда мұны сөздің қазіргі мағынасында дамыта оқыту деп санауға болады, ал егер олай болмаса, онда басқа емес, тек оқыту процесін активтендіру туралы,оның тиімділігі туралы айтуға болады. Дамыта, яғни жалпы және арнайы дамуға алып келетін оқыту деп мынадай оқытуды айтады: бұл оқыту жағдайында мұғалім, ойлауды дамыту заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмыс жургізеді. Осындай оқыту, біздің ойымызша, проблемалық немесе проблемалық-дамытушы оқыту болып табылады.
Проблемалық оқытуды, ол оқыту процесін күшейтетін болғандықтан, активтендіруімен тенестіреді. «Оқытуды активтендіру», «мектеп оқушысының белсенділігі», «оқушының танымдық белсенділігі», «проблемалық оқыту» терминдері көбінесе сараланбай қолданылады. Оқытуды активтендіру принципін оқушыларын ақыл-ой жұмысын күшейту жолында күрескендердің бәрі-ақ ұсынып келді. Алайда бұл ұғымдардың мазмұнын анықтауда да, белсенді оқудың мәнін түсінуде де пікір бірлігі болмады. Егер ойлау психологиясының қорытындыларын ескеретін болсақ, «оқытуды активтендіру» мен «проблемалық оқыту» ұғымдарының айырмашылық мәні жақсы түсініледі. Психологтар «белсенді ойлау», «өздігінен ойлау», «творчестволық ойлау» ұғымдарын айқын ажыратады. Ойлау әрқашан белсенді және әртүрлі дәрежеде болады. Сондықтан оқудың кез келген үрдісі белсенді. Проблемалық оқыту оқушыларды ақыл-ой әрекеттеріне бұлайша жаттықтыруға әкеп саймайды. Проблемалық оқыту жолымен активтендірудің мақсаты-оқушылардың ұғымдарды меңгеру дәрежесі көтеріп, кездейсоқ, стихиялы түрде қалыптасқан тәртіптегі жекелеген ойлау операцияларына емес, қайта стереотипті емес міндеттерді шешуге арналған ақыл-ой әрекеттерінің жүйесіне үйрету. Бұл белсенділік мынадан көрінеді: оқушы фактілік материалды талдап, салыстыра, синтездей жалпырастыра, нақтылай отырып, одан өзі жаңа информация алады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл-бұрын менгерген білімінің көмегі арқылы білімдерін кеңейту, тереңдету және бұрынғы білімдерін жаңаша қолдану болып табылады. Бұрынғы білімдерін жаңаша қолдануға кітап та, мұғалім де үйрете алмайды мұны тиісті ситуацияға тап болған оқушы іздейді әрі табады. Оқушылардың ақыл-ой әрекеттерінің жүйесіне біртіндеп ие болуы шеберліктердің, дағдылардың, сондай-ақ әрекеттер жасау тәжірибесінің жинақталуына, ақыл-ой қызметінің сапасының өзгеруіне, әдетте ғылыми, сыни, диалектикалық деп аталатын ойлаудың ерекше типінің қалыптасуына алып келеді.


Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту процесін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-танымдық ізденіс әрекетінің (білімдерді проблемалық меңгерумен байланысты) принципі, яғни олардың ғылым қорытындыларын, әрекет тәсілдерін ашу, жаңа нәрселерді немесе білімдерді практикада қолданудың тәсілдерін ойлап табу принципі жатыр.

Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды. Бірақ ізденіс қызметінің принципі әсіресе жаратылыстық-математика пәндерінде басым түсіп жатады.
Проблемалық оқыту жағдайындағы мұғалімнің қызметі мынадан тұрады: ол қажетті жағдайда неғұрлым күрделі ұғымдардың мазмұнын түсіндіре отырып, ұдайы проблемалық ситуациялар жасайды, оқушыларға фактілерді хабарлап, олардың оқу-танымдық қызметін фактілерді талдау негізінде оқушылар өздіктерінен қорытындылар мен жинақтауларды жасайтындай, ұғымдарды, ережелерді, теоремаларды, заңдарды тұжырымдайтындай немесе белгілі жаңа ситуацияға өздігінен қолданатындай (ойлап табады, жоспарлайды, әдемілеп жасайды), ал немесе, ақырында, шындық болмысты көркем бейнелейтіндей (өлеңдер, шығармалар жазады, сурт салады,ойнайды) етіп ұйымдастырады.


Соның нәтижесінде оқушыларда ақыл-ой операциялары мен әрекет дағдылары, білімдерді тасымалдау дағдылары қалыптасады, зейін, ерік, творчестволық қиял, ойлап тапқыштық дамиды, жаңа білімдер мен гипотезалар ұсыну және оларды негіздеп дәлелдеу жолымен әрекеттің жаңа тәсілдерін табу қабілеті қалыптасады.
Проблемалық оқыту оқытудың біртұтас типі ретінде озат педагогикалық тәжірибені жинақтау мен оны теориялық дәлелдеудің негізінде пайда болды. Ол өз бойына алгортмдерді, программаланған тапсырмаларды, ақыл-ой қызметінің тәсілдерін кезеңге бөліп қалыптастыруды және т.б. қолдану мүмкіндігін қамтиды.

Проблемалық оқыту мұғалімге оқу материалы мен оқыту әдістерін түрлендіріп отыруға мүмкіндік береді. Оқу проблемаларының әр түрлі типтерінің болуы оқушының ізденіс, ішінара ізденіс, конструкциялы-өнертабыс, көркем оқу-танымдық іс-әрекеті мен репродуктивтік және практикалық сипаттағы өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын немесе мұғалімнің оқу материалын баяндап беруін қамтамасыз етеді.
Проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары болып табылады, проблемалық оқыту сабақ беру мен оқу қызметінің механикалық қосылуы ретінде емес, қайта осы екі іс-әрекеттің диалектикалық өзара әсер етісуі мен өзара байланысы ретінде қарастырылады. Олардың әрқайсысының өзінің дербес функциялық құрылымы болады.
Көрнекті психолог Г.С.Костюк бала дамуының қозғаушы күші қайшылық болып табылады деген қорытынды шығарды және олардың әрқайсысының өзінің дербес функциялық құрылымы болады. Оған ілесе дидакт М.А.Данилов оқу процесінің қозғаушы күші,бір жағынан, бүкіл оқыту барысы алға қоятын таным міндеттері және екінші жағынан, оқушының білім, шеберлік, дағдысы мен оның ақыл-ой дамуы дәрежесінің арасындағы қайшылық болып табылады деп анықтады. Бұл қорытынды оқытуды активтендіру теориясының дамуындағы аса маңызды кезең болып табылды және психологтар мен дидакттердің эксперименттік зерттеулерінің нәтижелерімен ұштастырылып, қазіргі дидактиканың негізіне алынды.
Проблемалық оқытуға барлық оқушылардың шамасы жете ме? Іс жүзінде барлығының дерлік шамасы жетеді. Алайда оқушылардың жас және даралық еркешеліктеріне, олардың проблемалық оқытудың методтарына үйретілу дәрежесіне байланысты проблемалық деңгейі мен танымдық дербестік дәрежесінің айырмасы болады.
Проблемалық оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмутов, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, Д.В.Вильнеев, Ю.Н.Бабанский және т.б. кең зерттеген еді.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалық оқытуды игеруге бағытталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалық оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізді.
Ізденіс жұмыстары колледж оқытушыларын қатыстыра отырып жүргізілген болатын. Колледжде әр сабақтың ұзақтығы 90 минут болатынын ескерсек, мұнда проблемалы оқытуды енгізуде мектептерге қарағанда мүмкіндігі мол. Өйткені проблемалы оқыту сабағын өткізуде уақыт тапшылығы болмағаны жақсы.
Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.
Ізденіс жұмыстарын өткізу кезеңінде оқушылардың жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:
- оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;
- қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу (дәлелдеу);
- қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;
-оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда оларға көмек көрсету;
- оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету.
Ізденіс жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады (кезеңдер саны екі еседей көп және оқушылардың ойланып – толғануын қажет етеді);
- белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән программасында көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалқы материалдарға бөліп алу қажет;
- қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;
- негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталды.


Оқушылардың әр түрлі оқу есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушылардың жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан- жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-талғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеру қасиеттері пайда болады.
Оқу тәрбие үрдісінде проблемалық оқытуды мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде мұғалім сұрақты шебер қою арқылы қарама-қайшы ситуациялар жасайды, бұл ситуациялар оқушыларда қайшылықты шешетін жауап табуды қажетсіну сезімін күшейтеді.
Мұғалімдер білімдерді меңгеру дәрежесін анықтау үшін оқушыларға ұдайы сұрақтар беріп отырады. Бұл жағдайда тіпті күрделі де маңызды сұрақтардың өзі де, әдетте, проблема қойғандық болып табылмайды: олар белгілі білімдерден тұратын жауаптар алу мақсатымен беріледі.Әрине, мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі болмайды; ес мидың қоймасында бар дайын информацияны іздегенде қиналмай жұмыс істейді. Информациялық сұрақтар дегеніміз осы.
Оқушыларда интеллектуалдық қиындық тудыратын сұрақтар проблемалық сұрақтар болып табылады, өйткені оларға берілетін жауаптар оқушының бұрынғы білімдерінде де, мұғалім ұсынатын информацияда да жоқ. Сұрақтардың бұл өзгешелігін педагогтар бұрын да кездестіріп отырған және оларды «қиындығы бар сұрақтар» деп атаған.
Проблемалық сұрақта әлі ашылмаған (оқушылар тарапынан) проблема, белгісіз дүниелер, жаңа білімдер болады, оларға қол жеткізу үшін қандай да бір интеллектуалдық әрекет, белгілі нысанадағы ойлау процесі қажет.
Сұрақ тек төмендегі жағдайларда ғана проблемалық сұраққа айналады:
- оның бұрын меңгерілген ұғымдармен де, сондай-ақ белгілі оқу ситуациясында меңгерілуге тиісті ұғымдармен де логикалық байланысы болуы қажет;
- онда танымдық қиыншылық және белгілі мен белгісіздің көзге түсетін шекаралары болуы керек;
- жаңаны бұрыннан белгілі мен салыстыру таң қалу сезімін, өзінде бар білім, шеберлік және дағды қорымен қанағаттанбаушылық тудыруы тиіс. Мәселенің бұл жағы ерекше маңызды, өйткені ол танымдық қиындықты қызығушылықпен және қабылдаудың эмоциялылығымен байланыстырады.


Практика көрсетіп отырғандай, проблемалық ситуациядан шығудың төрт жолы болуы мүмкін:
а)проблеманы мұғалімнің өзі қойып, өзі шешеді;
ә)мұғалім проблеманың тұжырымдауға, болжамдар ұсынуға, гипотезаны дәлелдеу мен шешімді тексеруге оқушыларды қатыстыра отырып, проблеманы өзі қойып, өзі шешеді.
б)оқушылар проблеманы өздіктерінен қойып, бірақ оны мұғалімнің қатысуымен (ішінара немесе толық) және көмегімен шешеді;
в) оқушылар проблеманы өздіктерінен қойып, оны мұғалімнің көмегінсіз ( бірақ, әдетте, оның басшылығымен) шешеді.



Пайдаланған әдебиеттер:
1.Тұрғынбаева Б. Дамыта оқыту технологиясы. А. 2004ж.
2.Сардарава Ж. Оқыту әдістемесіндегі мәселелер. // Бастауыш мектеп, 1999, N28-9, 7-8 беттер
3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика // Астана, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет