Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі
01
03
05
02
04
Саясаттың әлеуметтік негіздері
Саясаттың субъектілері мен объектілері
Саясат және экономика
Саяси Модернизация
Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінін зерттеу объектісі ортақ- қоғамдық өмір. Олар бірталай ұғымдары да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзіндік мәні бар. Сондағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
Абылай
Саясаттың әлеуметтік негіздері
• Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.
• Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.
• Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау
• Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.
Саясаттың субъектілері мен объектілері
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардыңмотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
Саясаттың субъектісі -деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат және экономика
Саясат пен экономика - ішкі және халықаралық қатынастарда өзара байланысты және өзара тәуелді жүйелер.
Елдердің қалыпты жұмыс істеуі мен дамуы үшін екі сала да маңызды, бірінде кері кету болса екіншісін де теріс салдарға әкеледі. Ал керісінше, дамуы пен көтерілуі басқа жүйеде болып жатқан процестерге жақсы әсер етеді.
Саясат және дін
Бүгін адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрайтын психологиялық және әлеуметтік тіршілікке маңызды ықпал ететін дінді ең басты феномен ретінде қабылдау шарт. Ал егер дінді қажетсіз немесе қолдан жасалған нәрсе сияқты қабылдау, діннің ақиқат екендігін жоя алмайды. Оны басқа емес, кешегі кеңестік атеистік идеологияны бастан өткізген біздің қоғам жақсы түсінеді. Дін туралы кешегі теориялар, бүгінгі қоғамдық өзгерістерге жауап бере алмады. Сондықтан дінді жеке феномен ретінде, мемлекеттілік тұрғыдан да, мәдениетіміз тұрғысынан да қабылдағанымыз жөн.
Саяси Модернизация
Саяси Модернизация
(франц.-жаңғырту) дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты,яғни саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру болып табылады.
Модернизацияның негізгі мақсаты - белгілі бір жетістік пен табысқа жету, нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету. Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамдыөзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.