Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тарих және педагогика факультеті
«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы
Пәні:Математика негіздері
Жоспар:
Сәйкестік ұғымы. Сәйкестіктің берілу тәсілдері.
Сәйкестіктің графы, графигі.
Берілген сәйкестікке кері сәйкестік.
Кері сәйкестіктің графы, графигі.
Өзара бірмәнді сәйкестіктер.
Сәйкестіктер
Сәйкестік ұғымы. Сәйкестіктің берілу тәсілдері:
Екі жиын элементтерінің арасында қандаай да бір байланыстар болуын сәйкестіктер деп атайды. Кесіндінің ұзындығын өлшеу барысында кесінді мен оның ұзындығын өрнектейтін нақты сандар арасында сәйкестік орнатуға болады.
Сәйкестік ұғымын анықтау үшін мысалды қарастырайық. Мысал: Х={3,5,7,9} және У={4,6} жиындары элементтерінің арасында R: «артық» деген қатыс берілсін. Осы қатыстың парларын жазайық: G={(5,4),(7,4),(9,4),(7,6),(9,6)}.