Жоспар Сынып жетекшінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау


Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық ұжымның рөлі



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#20433
1   2   3   4   5   6
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық ұжымның рөлі

Жеке тұлға мен ұжымның даму үрдісі диалектикалық байланыста болады. Тұлғаның дамуы, ұжымның даму деңгейіне, оның құрылымындағы әрекеттік және тұлғааралық қатынастармен анықталады. Тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың тәндік және ақыл-ой дамуы, жеке бас мүмкіндіктері ұжымның тәрбиелік ықпалына әсер етеді. Неғұрлым ұжым мүшелері белсенді болса, соғұрлым өздерінің жеке бастық мүмкіндіктерін ұжымның дамуына қолданады.

Балалар мен жас жеткіншектердің шығармашылық дамуы ұжым белсенділігімен өзара байланысты. Әр оқушы қоғамдық пайдалы еңбекке өз еркімен қатыса білсе, оның ұжым ішінде алатын орны жоғары болады да, ұжымға өз тарапынан ықпал ете алады. Оның ұжымдағы орны неғұрлым жоғары болған сайын, ұжымның жеке тұлғаның өз еркімен қоғамдық әрекетке араласуына әсері күшейе түседі.

Тұлға мен ұжымның дамуы өз ара ықпалдас процесс. Адам табиғат пен адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінде дамиды. Адамның рухани байланысының ауқымы, тұлғаның қоғамдық, ұжымдық байланыстарымен бейнеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет