Жоспар: Тақырып мақсаты



Pdf көрінісі
Дата17.10.2023
өлшемі374,96 Kb.
#117278
Байланысты:
Green and Beige Abstract Patterns Home Maintenance Tips Listing Presentation



Тақырып және оны
дұрыс таңдау


Жоспар:
Тақырып мақсаты
Тақырып таңдау барысындағы ескеретін жайттар
Тақырып құрылымы
Тақырып таңдауда жіберілетін қателер


Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның
мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей
байланысты.
Зерттеу жұмысының жалпы бағытын айқындау 
Арнайы бір тақырыпқа бағыт алу 
Өз оқырманын қызықтыру.
Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты:


Тақырып адамның жеке өміріне қатысты
болмауы тиіс 
Тақырып тым шағын болмауы керек 
Тақырып тым кең болмауы керек 
Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс. 
Тақырып таңдау барысында ескертетін жайттар:


Такырыптың құрылымын жазу барысында мынадай қарапайым
шарттарды білген жөн:
1) Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу. Тақырыптың негізгі
мақсаты - жазба жұмысы жөнінде қысқаша, нақты қорытынды беру.
Сол себепті, тақырып шағын және түсінуге жеңіл болып
жазылуы керек. Тақырыптың құрылымын жазу барысында күрделі сөз
тіркестері немесе мағынасыз сөздерді қолданбаған жөн.
Тақырып күрделі болса, оқырман үшін түсініксіздеу болып кетуі
мүмкін.


Мысалы:
«Теңгенің девальвацияга ұшырауы Қазақстан
халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне едәуір
әсерін тигізді»
«Девальвацияның қазақстандықтардың тұрмысына
әсері»


2) Мағыналы сөздерді қолдану. 
Тақырыпта жазба жұмысының түйін сөздері мен
зерттеу табиғатын ашатын мағынадағы сөздер
қолданылу керек. Жұмыс жазылатын салада
қолданатын терминдер туралы ойланып, оларды
тақырыпта қолдануға тырысу қажет.


Мысалы:
«Теңгенің девальвацияга ұшырауы Қазақстан
халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне едәуір
әсерін тигізді»
«Девальвацияның Қазақстан экономикасына әсері»


3) Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау.
Тақырып құрылымын жазу барысында көпшілікке
белгілі БҰҰ, ҚР сиякты қысқарған сөздерді
қолдануга болады. Дегенмен жалпыга бірдей
таныс емес арнайы салала қолданылатын
қысқарған сөздерді қолданбаған абзал.


Мазмұнымен сәйкес келеді;
Оқырманның қызығушылығын тудырады;
Жазба жұмысының бағытын байқатады;
Сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға
сәйкес
келеді:


Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік
беретіндей түйін сөздер қолданылады;
Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған
жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды
(тақырыбын қайталамайды)


«Интернеттің адамдардың қарым-қатынасына
тигізетін әсері»
Қарым-қатынас - бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу, әлеуметтік
желілердегі достық қатынас.
Интернет - онлайн ойындар, әлеуметтік желлер, ақпараттарға
қол жеткізу.
Адамдар - балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар,
ересектер, интернетте бес сағаттан артық уақытын
өткізетіндер.


«Жастардың достық қарым-қатынасына әлеуметтік
желілердің әсері»
«Студенттердің ақпаратқа қол жеткізудегін онлайн
қарым-қаратынасы»


тақырыптың ауқымды болуы;
тақырыптың өте шағын болуы;
тақырыптың қызықсыз болуы;
тақырыпта қысқарған сөздердің қолданылуы;
тақырып таңдау туралы кеңес сұрамауы;
уақытты тиімді қолданбауы
Студенттердің тақырып таңдауда жиі жасайтын
қателіктері мыналар:


Пайдаланылған әдебиет:
Е.Оспан “Академиялық жазылым негіздері”
Алматы, 2020


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет