ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет:Спорт және Өнер
БӨЖ
Тақырыбы: Допты тебу әдіс-тәсілдері.
Қабылдаған:Абуов Е. Орындаған:Нурмахамбетова А. Тобы: Мдш 011. Түркістан 2023ж
Жоспары:
1.Допты тебу тәсілдері. 2. Допты пас беру әдістері. 3.Соққылар жасау.
Допты табанның ішкі жағымен тебу. Бұл ойын тәсілі көбінесе футболшы қысқа және жақын қашықтықтағы әріптесіне допты бағыттағанда және жақын қашықтықтағы нысанаға тепкенде пайдаланылады. Осы ойын тәсілдерінің негізгі ерекшеліктерін қарастырар болсақ. Допқа ұмтылып жүгіру, допты көздеп тебетін бағыт бір сызықтың бойына орналасқан. Допты тебетін аяқтың серпілуі ең ақырғы жүгіру адымына байланысты. Тебу қозғалысы балтырдың сыртқа қарай бұрылуымен бірге сыртқа және жоғары қарай бағыттала, тік бұрыш жасап доптың ұшу бағытына қарай қозғалады.Допты табанның ішкі жағымен тебудің басты ерекшелігі доп түзу ұшады, себебі доппен табанның тию көлемі үлкен, бірақ ұру күші басқа да тебу түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
Допты аяқтың ұшымен (башпайлармен) тебу. Бұл әдіс көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерде нысанаға допты бағыттап ұрған кезде қолданылады. Тебу қозғалысына қойылатын негізгі шартаяқтың ұшын жоғары қарай тарту.
Қозғалыссыз жатқан допты тебу. Бұл әдіс көбінесе айып добын ойынға қосқанда, ойын басталарда және қақпашы допты ойынға қосқанда қолданылады. Допты тебу әдістеріне ұқсастығы және бір-біріне қатысы бар. Тек бір өзгешелігі ұмтылып допқа жүгіру кезінде жылдамдық ауыспалы әдістермен орындалады.
Домалап келе жатқан допты тебу тәсілі. Қозғалыссыз жатқан допты тебуге ұқсас. Тәсілдің негізгі бір ерекшелігікеле жатқан доптың қозғалыс жылдамдығы мен тебетін адамның жылдамдығына сәйкес болуы. Допқа ұмтылып, бағыт алу қозғалыстары мына тәсілдерден: допқа қарсы, қарсылас ойыншыға оң немесе сол қанатпен қашудан және де басқа түрлерден тұрады. Домалап келе жатқан допты тебудің қай түрі болса да (өкшемен болса да) доптың қозғалу жылдамдығына қарай оған тосқауылға тірелетін аяқ қойылады. Төмендеп ұшқан допты тебу. Төмендеп ұшқан допты тебу тәсілдері домалап келе жатқан допты тебу тәсіліне ұқсас. Доптың ұшатын бағыты тірейтін аяқтың қойылуына байланысты. Одан басқа ұшып келе жатқан допты бұрылып, өзінен асырып және жерге тигізбей тебу тәсілдері бар. Олар да жоғарыдағы айтылған тәсілдерге ұқсас. Баспен ұру әдісі. Бұл тәсіл ойынды жүргізу барысында ең керекті тәсілдердің бірі.Бұл тәсіл ойында белгілі бір мақсатқа жету, допты қақпаға енгізу және допты әріптесіне беру үшін қолданылады.Допты көбінесе маңдайдың ортасымен ұрады. Бірақ ойын барысындағы әр-түрлі жағыдайларға байланысты сан алуан ерекшеліктері болуы мүмкін.Бір орында тұрып маңдайдың ортасымен ұру кезінде аяқтың арасы 50-70см алшақ болуы керек. Ұруды орындағанда,ойыншы денесін артқа қарай шалқай-тып,артқы аяғын иіп, дене салмағын сол аяққа түсіреді.Ұру қимылы артқы аяқтың қайта иіліп, дененің тік жағыдайға келіп, допты баспен алға қарай ұрумен аяқталады.Маңдайдың ортасымен бұрылып ұру көбінесе доптың ұшу бағытын өзгерту үшін қолданылады. Бұдан басқа допты оң және сол шекемен ұру, секіріп ұру, алға қарай құлап ұру тәсілдері ойын барысында көбірек қолданылады. Футбол ойынының ұзақтығы: 90 мин. Екі бөлініп ойналады 45 минуттан. 10 минут -үзіліс. Ойыншылар саны: 11 адам. Мини футбол ойыншылар саны: 4-8 адам. Ойыншылар саны алаң көлеміне арап белгіленеді. Ойынды жүргізілетіндер алаңда жүретін бір төреші, алаңның сыртқы жанында екі төреші болады. Допты аяқпен тебу(ұшымен) тәсіл айып добын соғу, болмаса ойын үстінде қақпаға қарай доп соққан кезде жиі қолданылады бұл доп тебу түрі тіке жүгіріп келіп тебу арқылы жүзеге асады. Аяқтың үстімен доп тебу кезінде екі аяқ мынадай қалыптарда болады, тізеден сәл бүгілген жерге тірейтін аяқ допты жанай одан 10-12 см қашық жерге қойылып, аяқтың ұшы доптың ұшу бағытымен бағыттас болады, допты тебетін аяқ тізеден бүгіле артқа қатты сілтеніп, содан кейін тізенің қарқынды жазылуымен алға қарай сілтенеді, соққы доптың дәл ортасына бағытталып, жерге тірелетін аяқтың ұшы сәл көтеріледі де, кеуде алға қарай еңкейеді, допты тебетін аяқ жақтағы қол жазылған қалыпта артқа, екінші қол алға әрі жоғары сермеледі. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі. Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жағымен тоқтатқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтататын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доптың инерциялық күші азайып, тоқтатылады. Домалап келе жатқан допты табанмен тоқтатқанда допты қабылдайтын тізе буынынан бүгілген аяқ допқа қарай шығарылады. Аяқтың ұшы көтеріңкі, өкшк жерден см биіктікке көтерілген қалыпта болады. Доппен түйісккенде қабылдаушы аяқ артқа қарай шегеріледі, сөйтіп доптың инерциялық күші азаяды. Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты табанмен де, табанның ішкі жағымен де тоқтатуға болады.