Жоспары: Фермент туралы жалпы түсінік



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі1,66 Mb.
#92701
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ферменттер лекция

Ферменттер атаулары


Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.
бірінші сан ферменттің класын білдіреді,
екінші сан класс тармағын,
үшінші сан – класс тармағы бөлігін,
төртінші сан өз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2.7.1.2.АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.
Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:
1) Фермент әсер ететін субстрат атауына –аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.
2) Фермент катализдейтін реакция атауына –аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза).
Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин,эластаза,т.б.

Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э.Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді. Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады: 1)фермент пен субстрат арасында комплекс – фермент-субстрат түзіледі 2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.

Ферменттік реакциялар кинетикасы


Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.
Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.
Л.Михаэлис пен М.Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.
Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.
Ферменттердің қасиеттері
  • Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
  • Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
  • Фермент әсерінің ерекшелігі;
  • Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
  • Проферменттер және оларды активтендіру;
  • Изоферменттер;
  • Мультиферменттік жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет