Биологиялық ерекшеліктері. Қызылша – екі жылдық өсімдік. Тұқымы – 4 – 5° жылылықта өне бастайды. Алайда қаулап көктеуі (3 – 4 күнде) + 20° температурада болады. Егін көгі «Қосқұлақ» кезеңінде бозқұрауға сезімтал және 3 – 4° аязға төтеп бере алмай өліп қалады. Алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде 8° - қа дейінгі аязды көтереді. Күзде өсімдіктер 5° аязға, қазылып алынған тамыр жемістер 2° бозқырауға шыдайды. Өсіп – дамуға қолайлы температура +15 – 23°. Ылғал сүйгіш дақыл, транспирация коэффиценті 240 – 400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп – даму кезеңінде 300 мм жауын – шашын түскенде алуға болады. Ылғалға барынша көп қажетсінуі қарқынды өскен кезде – шілде – тамыз айларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі жиналды, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады. Борпылдақ жеңіл және орташа саздық, құмдық, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50 – 100 т/га) енгізгенде ғана алады. Мал азықтық тамыр жемістердің сорттары. Сахарная округлая 0143 –БӨШИ – ның Пушкин лабораториясында шығарылған. Тамыр жемісті дөңгелек және сопақша – дөңгелек пішінді, төмен қарай жіңішкере береді, ұзындығы 12 – 15 см, бас жағындағы қабықтың түсі ақ және төменгі бөлігінікі – ашық – жасыл түсті. Құрғақ заттың мөлшерлдері 18 – 20 процент, тамырдың топыраққа сіңірілуі толық немесе ұзындығының ¾ бөлігіндей, алайда топырақтан жеңіл жұлынады. Орташа мерзімде пісетін сорт, мерзімінен бұрын гүлденуге төзімді, аурулармен аз залалданады, қыста жақсы сақталады. Көкшетау мен Қостанай облыстарында аудандастырылған
Түйнек - түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған.
Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ болуы мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі-ақ, сарғыш, сары, күлгін.
Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасында түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал жасушаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.
Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай картоп сорттары асханалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарға бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін (70-80 тәулік), ортадан ерте (80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан кеш (100-120) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық) картоп сорттары ажыратылады.