3. Қозғалғыштығы жуық иондардың ерітіндідегі жалпы концентрациясын табу үшін.
4. Әр түрлі ішімдіктердің сапасын қадағалау үшін.
5. Еріткіштің тазалығын анықтау үшін.
6. Комплекс қосылыстардың құрамы мен тұрақтылық константасын анықтау үшін.
Кондуктометриялық титрлеу әдісі жиі пайдаланылады. Ерітіндіні қолайлы титрантпен титрлеп, ϰ өлшеп отырады. Эквиваленттік нүктені осы ϰ өзгерісі арқылы анықтайды. Қышқылдық-негіздік, тұндыру, комплекс түзу реакцияларын пайдаланады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын сирек пайдаланады, себебі оларда электрөткізгіштік аз өзгереді.