Жоспары: I кіріспе



бет4/6
Дата24.05.2022
өлшемі33,73 Kb.
#35448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рад-1

Физикалық тәсіл
Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шығарақоймайды.Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.
Радиация қауіпсіздігі негіздері және ветеринарлық радиологиялық зертханада иондаушы сәуле көздерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру Әлемдік ядролық энергетиканың дамуы, энергиямен қамтамасыз ету мен табиғи ресурстарды сақтау мҽселесінде тиімділігнен басқа, халықаралық сипаты бар қауіп – қатерді де туғызады. Оған, радиоактивтіліктің трансшекаралық тасымалдануы, негізінен үлкен радиациялық апат кезінде, ядролық қарудың таралу проблемасы, халықаралық терроризм қауіпі жҽне соғыс жағдайында ядролық нысандардың өзіндік қауіп – қатері жатады. Осының барлығы ядролық энергетиканың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде принципті түрде халықаралық ынтымақтастықтың ҿте қажеттілігін анықтайды.
Бірнеше ондаған жылдар бойы даму кезеңінде, ядролық энергетика әлемдік энергия өндірісінде айтарлықтай орын алды және адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі жөнінде жалпы алғанда жоғары көрсеткіштерді көрсетті. Әлемдік экономиканың келешегін ядролық энергетикасыз көзге елестету мүмкін емес. Дегенмен, ары қарай дамуы оның сенімділігін жҽне пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ғылым мен техниканың ҿте үлкен жұмыстарымен сабақтасуы керек.
Ядролық энергия адамзатқа осы күнге дейін белгілі энергия кҿздерінің ішіндегі қауіптілігі жоғары энергия көзі болып есептеледі, сондықтан қауіптілігі адамзаттың іс – әрекетінің кез – келген жағдайларында да болатын қауіп – қатерлер сияқты бұл қауіпті түгелдей жоққа шығару мүмкін емес болғандықтан, АЭС – терді салған уақытта апаттық жағдайлар кезінде туындайтын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мҽселелерін шешуге ерекше кҿңіл аударылған.
Жүргізлген техникалық жұмыстардың барлығы энергетикалық қондырғылардың барлық жүйелерінің сенімділігін жоғарылату жолымен жүргізілген, ең алдымен реттеуші, дабыл беруші жҽне блоктаушы органдарын және сонымен қатар радиоактивті заттардың оқшаулануын (локализациялануын) сенімді қамтамасыз етіп, олардың қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын арнайы қондырғыларды жасау жолымен жүргізілген.
Бір айта кететін жағдай халық арасында, атом реакторында болуы мүмкін апаттың барлық салдары атомдық жарылысқа сәйкес деген пікір тараған. Бұл көзқарас ешқандай сын кҿтермейтін, абсолютті негізсіз, антиғылыми көзқарас. Тіпті реактордың жұмысы бақылаудан шығып кеткеннің өзінде де атомдық жарылыс болуы мүмкін емес.
Ядролық реактордың жұмыс істеу принципінде атомдық жарылысқа қажетті «критикалық» массаны құрау мүмкін емес. Іс жүзінде жұмыс істеп тұрған реактор, сырттай жҽне іштей сҽулеленудің өте қауіпті радиациялық көзі болып есептеледі. Бұл толық қуатты жұмыс істеп тұрған ВВЭР – 440 реакторының ішінде әрбір секундте 235U – тің ядроларының 1018 – 1019 -нің ыдырауы жүретінінен – ақ кҿрінеді. Ыдыраудың ҽрбір актісінде екі – үш нейтрон босап шығады да, олардың жоқ дегенде біреуі атомдық отынның ядроларымен әрекеттеспей, реактордың белсенді (активті) аймағынан тыс шығады.
Ыдырау кезінде бұдан басқа бірнеше гамма – кванттары бҿлінеді. Осының салдарынан реактордың маңында (қорғану болмаған кезде) сәулеленудің эквивалентті дозасының қуаты секунтіне бірнеше жүздеген рбэ (рбэ/сек) болуы мүмкін. Осыған байланысты еске салатын жҽйт, адам үшін ҿлім жағдайына ҽкелетін доза 600 рбэ-ге (6 Зв) тең.
Атомдық реактор жұмыс істеуін тоқтатқан кезде де өте қуатты радиация көзі болып есептелінеді. Айта кететін бір жағдай ядролық отынның өзі іс жүзінде радиациялық қауіптілік туындатпайды. Шамамен 3%-ды байытылған уранмен ВВЭР – 440 реакторын толық толтырған кезде уранның қосынды активтілігі 16 Ки (6 х 102 Бк) шамасында болады және іс жүзінде ураннан гамма – сҽулесі бөлінбейді. Реактордың жұмыс істеуі кезінде оның белсенді аймағында ыдырау өнімдері жинақталады, ал олар радиоактивті болады. Мысалы ВВЭР – 440 реакторы бір жыл жұмыс істегенде жиналған ыдырау өнімдерінің активтілігі 109 Ки-ге (4 х 1010гБк) жетеді. Бір жыл сақтағаннан кейін олардың активтілігі ретке төмендейді.
Бұдан басқа реактордың металдан жасалған корпусының жҽне І-ші контурының құрамына кіретін атомдарға нейтронның әсерінен болатын активтелген радионуклидтердің (негізінен 59Fe, 54Mn, 66Zn, 60Co) болады. Сонымен, АЭС – тің радиациялық қауіпсіздік жүйесі, сырттай әсер ететін гамма – нейтронды сҽулеленудің деңгейін шектеулі мөлшерге дейін тҿмендетуді жҽне реактордың жұмыс істеуінен жиналған радиоактивті заттардың АЭС ғимараттарына жҽне қоршаған ортаға таралмауын қамтамасыз етуі керек.
Радиациялық қауіпсіздік мҽселелері мекемелер мен кәсіпорындарда радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істейтін тұлғалардың сырттай және іштей сәулелену мүмкіншілігін заңды түрде шектеу үшін құрастырылып жасалады. Бұл кезде сҽулеленудің тек соматикалық әсерінің салдарын ғана емес, сонымен қатар оның генетикалық әсерін де минимумға дейін тҿмендету кҿзделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет