ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Орындаған: Сембиева Б.
Қазақстан тарихы Тапсырма №2
ЖОСПАРЫ:
1. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алаш партиясының құрылуы.
2. Алаш партиясының бағдарламасы.
3. Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.
Алаш қозғалысы – 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді.