Жас жылқыларда дифузды инфарктілер жиі кездеседі, ол алдыңғы шажырқай артерияларының және оның негізгі тармақтарының залалдануымен байланысты.
Ішектердің түйлуіне орай олардың түсі көкшіл-қызыл, құрсақта едәуір қызғылтым сұйықтық бар. Сірі қабықтарында көптеген дақтар қанталаулар көрінеді. Ішек қуысында бұлыңғыр қызғылтым сұйық пен қатар шоколад түсті нәжіс бар. Кілегейлі қабығы қалыңдап жуандаған қошқыл-қызыл түсті жасылдау сұр түсті өлі қабыршақпен қапталған. Тамырдың тромбозға ұшыраған жерлері төмпешік тәрізді бұлтиып көрініп тұрады, ұзындықтары 10-15 смге дейін. Қолқа қақпақшаларында диаметрі 15 мм-ден 30 мм-ге дейін тромбтар табылады. Олардың деңгейі интимадан 3-7 мм-ге дейін көтеріңкі. Оларда личинкалар да кездеседі.