Патоморфологиялық өзгерістер. Құлындарда көтеген аневризмалар таспиық тастары сияқты артерияларды бойлай орналасқан. Олардың қабырғалары өте қалың ішекті тормбпен кептелген онда ұзындығы 1,5 см – ге дейін қызыл құрттар көрінеді. Тормбоздың салдарынан тоқ ішекте үлкенді кішілі инфарктер кездеседі, кейде олар дифузды түрде дамып, тоқ ішекті толығымен залалдайды. Инфаркке ұшыраған ішектің сірі қабығына фибрин шөгіп, перитонит дамиды, ал кілегей қабықтары сұр жасылдау түсті өлеттенген. Некрозға ұшыраған жерлер аралығындағы кілегейлі қабық қанталаған, қызарған.