Гемибаллизм-дененің бір жақ жартысының өрескел қимылдауы. Мұндай қимылдар тас лақтырғандай немесе доп сілтегендей болып көрінеді. Өрескел қимылдардың дененің екі жағынан бірдей болуын парабаллизм деп атайды. Мұндай қимылдар сирек кездеседі де суда жүзген адамдар тәрізді байқалады. Гиперкинездің бұл түрі Люис көру төмпешігі асты ядро зақымданғанда немесе оның байланыстарының (әсіресе боз шармен) бұзылуына байланысты дененің қарама-қарсы жағында білінеді. Сол себепті боз шар өзінің қызметін тежейтін Люис денесінен ажырасады.
Экстрапирамидтік жүйе қызметтін зерттейтін тәсілдер: 1.Түрегеп тұру мен жүрісті тексеру. Сырқатты орнынан тұрғызып,15-20 секунд шамасында қозғалмай тұруын өтінеді. Бұдан кейін көзі ашық күйінде бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүргізіледі. 2.Жазу қабілетін тексеру. Сырқаттан оның жазуы,қол таңбасы өзгерген-өзгермегендігін сұрайды,бірнеше сөз жаздырып байқайды. 3.Тонустық-постуральдық рефлекстерді тексеру: Аяқ ұшы феномені (Вестфаль феномені) Дәрігер шалқасынан жатқан сырқаттың тізесін мейлінше жазып (созып),босатып жіберсе,экстрапирамидтік жүйесі зақымданбаған адамның аяғының ұшы қалпына келеді, ал науқастікі сол күйінде қалып қояды.Шектен тыс қимылдар (гиперкинез)синдромында аяғының ұшын ұстап тұра алмайды.
Тізе феномені (Фуа-Тевенар феномені) Дәрігер етпетінен жатқан адамның тізесін бүгіп,өкшесін жамбасына жеткізгенде қалыпты жағдайда оның тізесі жазылып алғашқы қалпына келеді, ал акинетиктік-ригидті синдромда сырқаттың тізесі бүгулі күйінде қалып қояды. 4.Кері жұлқынуы болмайтын симптом (Стюарт-Холмс симптомы). Сырқат көлденеңінен бұрылған қолын бар күшімен шынтақ буынынан бүгеді(білек пен қол ұшы пронация күйінде,жұдырығы түюлі),дәрігер оның білезігінен жазуға тырысады. Дәрігердің қарсылығы кенеттен тоқтаған сәтте тексерілуші кеудесін қолымен соғып алады. Сау адамда мұндай құбылыс болмайды.үйткені антагонистер тез қарсылық жасап соғылудың болмауын қамтамасыз етеді.