Қазіргі таңда гендік инженерия таңқаларлық нәтижеге жетті. Солардың негізгілерінің бірі диагностикалық препараттар болып табылады. СПИД, қант диабетіне шалдыққан ауру түрін, сонымен бірге қатерлі ісік ауруларына қарсы дәрігерлер және 200 жаңа диагностикалық препараттар медициналық практикаға енгізілді. АҚШ - те гендік инженерия әдістерін қолдану арқылы көптеген препараттар жасалды.
Жыл сайын трансгендік ауылшаруашылық дақылдар егістігі жылдам қарқындылықпен арту үстінде. Биотехнологиялық корпороциялар жаңадан ГМО өнімдерін коммерциялық қолдану үшін ұстануда, бұл бәрін корпорацияның жоғары табысқа жетуімен байланысты.
ГМО өнімдерінің экожүйеге тигізер зиянды әсерлерін зерттеп қарастырмай, ондай жұмыстарды жүргізбейтіндіктері әрине алаңдатарлық жайт. Экожүйе күрделі әрі бір - бірімен байланысты қарастыру керек. Бұл зерттеулер қиын, әрі ұзақ уақытқа созылады және әр трансгендік ағза жан - жақты қамтитын ғылыми анализді қажет етеді.
Трансь ұлттық биотехникалық корпорациялар артық шығынға ұшырамас үшін бұл үлкен көлемді зерттеулерді жүргізбей - ақ жаңа ГМО өнімдерін қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіз деп жарнамалап келуде. Ал адам денсаулығы мен өмір сүруі екінші орында тұр.
Жеңіл тағамдардың тарихы ежелгі Римнен белгілі. Ежелгі Римдіктер үйлерінен тамақ пісіріп ішпеген оның есесіне қалаларында жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен базарлар көп болған. Солардың бірі - ашытқыдан дайындалған және зәйтүн майы жағылған құймақтар мен шелпектер. Содан кейін гамбургер сатыла басталды.
Қытайда базарларда тез дайындалатын лапша пайдаланылса, Индияда, Ресейде, әртүрлі шелпектер мен бәліштер таралды.
Фастфуд өнімдері 1920 жылы Америкада шықты. 1921 жылы Канзаста White Castle компаниясы ашылды. Оның негізгі өнімі - гамбургер болды. Гамбургер осы кезде халық арасында кеңінен қолданылды, бірақ оның организмге әсері туралы белгісіз болды.