Жоспары: Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



Дата16.03.2023
өлшемі20,79 Kb.
#74849

Тақырыбы: Психологияға кіріспе
Жоспары:
1. Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері
2.Психологияның зерттеу әдістері
3.Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы)
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпциг қаласында В.Вундт алғаш рет дүние жүзінде эксперименталды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ. «Психология» терминін неміс философы Х. Вольф енгізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. )-психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д.384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.
Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше «жан- мәңгі өлмейді, өшпейді»,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Ф. Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша, жануарлардың жаны жоқ олардың мінез- құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913 жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті. Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді, (сананың орнына мінез-құлық алынды),сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік» «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы ) «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды.
Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына,белсенділік деңгейіне және қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмұны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Психологияның зерттеу әдістері.
Бақылаудың негізгі қасиеті - психикалық процестерді табиғи жағдайларда танып –білуге мүмкіндік береді.
Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы –зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.
Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп , басқасын өзгертпей сақтауға,сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға,сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады. Психологиялық эксперименттің екі-лабораториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар.
Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен.Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді /қабылдау,түйсік,еске түсіру/зерттеу үшін де табысты қолданылады.
Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің /ойын,оқу,еңбек/әдетті жағдайы сақталады.Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады.Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін –біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.
Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту оның мынадай,психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні –оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде,зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.
Тест-басқа әдістерден ең алдымен ,жаңа заңдылықтарды ашу үшін емес,сыннан өтетін адамда белгілі бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді.
Тестің мазмұны мен құрылымы алдын-ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп,тексеріледі.Тесттердің көмегімен адамдардың белгілі-бір іс-әрекетті орындауға әзірлік деңгейлері анықталады.Тесттер деп аталатын әдістер ерекше бір топ құрайды.Олар:тест-сынау,тексеріп көру,тест-тапсырма,тест-проективті.
Сауалнама–бұл әдіс берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданылады. Түрлері: ауызша, жазбаша/анкета/, ерікті/әңгіме/, стандартталған.
Модельдеудің –көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікелей зерттелмей ,сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетіндігінде. Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті білім болуы қажет.Сондықтан да модельдің дұрыстығы,толықтығы,жан-жақтылығы белгілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады.Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты.Модельдеу әдісін қабылдау , түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады.
Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде,білім беру процестерін зерттеуде кеңіне қолданылады.
Казіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
1.Ұйымдастыру әдістері өз ішінде салыстыру әдісі /әрқандай топты жасы, қызметі т.б.бойынша салыстыра,зерттеу/;лонгитюд әдісі/бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап,зерттеп бару/; комплекстік әдіс/зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып,бір объектіні жан-жақты әртүрлі құралдармен зерттеу/. Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы: жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
3.Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде(бизнес, спорт, денсаулық сақтау,жарнама психологиясы).
Жарнама психологиясы - психология ғылымының қолданбалы салаларының бірі. Жарнама хабарлайды, түсіндіреді, сендіреді. Олай ету үшін жалпыға ақпарат үрдісінің функциясы, нұсқасы және адамдардың білім деңгейлері мен кімдерге арналғанын жан-жақты қарастырады. Жарнама психологиясы жарнаманың әртүрлі әлеуметтік функцияларының механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді.
Спорт психологиясы- жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері- спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортсмендердің психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру.
Спорт психологиясы- жарыс және жаттығу жағдайларында адам нсихикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты.
Психологияның басқа да көптеген бағыттары секілді спорт психологиясы XX ғасырдың 60-70-жылдарында қауырт дамыды; бастапқыда бұл саладағы негізгі зерттеулер спортшылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін, спорттық жаттығулардың нәтижелілігін арттыру амалдарын зерттеуге жұмылдырылады. Қазіргі уақытта спорт психологиясы зерттейтін мәселелер анағұрлым көбейді.
Спорттың әр түріне орай, жалпы, педагогикалық, жастық және әлеуметтік психологияның жетістіктері ескеріле отырып арнаулы жаттығу кешендерінің бағдарламалары жасалуда. Олар спортшылардың физикалық, сондай-ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық-еріктілік, этикалық, моральдық-адамгершілік және ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге бағытталады.
Спорт психологиясында қозғалыс дағдылары мен біліктерін нәтижелі қалыптастырудың заңдылықтары, күш, төзімділік, ептілік көрсеткіштерін жетілдірудің әдістері біршама егжей-тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеулерде спортшылардың арнаулы қабылдауларының, мысалы, уақытты сезіну, аралық қашықтықты сезіну, қас қағым сәттік оқиғаларды болжау, «допты сезіну», «суды сезіну» секілді қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен әдістері анықталады. Бұған қоса байқағыштықты, елестетуді, стратегиялық және тактикалық ойлауды, топтық ойындарда үйлесімді өзара әрекеттестікті жақсарту әдістеріне назар аударылады. Бұл зерттеулер спортшылардың әр жастағы қабілеттерін және оларды арнайы іріктеу амалдарын анықтау, сондай-ақ жаттықтыру салаларында одан әрі тереңдетіледі. Спорт психологиясының психикалық реттелу, жарыс барысында және жарыс жағдаятынан кейінгі ұстаным секілді бағыттары ерекше проблемалар болып табылады. Соңғы жылдардағы зерттеулерде спортшының өз жеңістеріне және жеңілістеріне көзқарасы мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Командалар құру олардағы тұлғалар аралық қарым-қатынастар, олардың топтасқандығын және құндылық-бағдарлық бірлігін нығайту проблемалары, жаттықтырушымен немесе жаттықтырушылар ұжымымен, жанкүйерлермен (бұлардың ішінде «спорт фанаттарымен») қарым-қатынас, командалар аралық қарым-қатынастар мәселелері әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің өз алдына бір бағыты болып саралануда. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады.
Денсаулық психологиясы. Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады. «Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.
Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұғылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда, «күйзеліссіз өмір өлі». Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерізімді күйзеліс тудырып отырған.
Денсаулық психологиясы - тез дамып келе жатқан алаң. Адамдардың санының көбеюі өз денсаулығына бақылау жасауды көздейтіндіктен, көп адамдар денсаулыққа қатысты ақпарат пен ресурстар іздейді. Денсаулық психологтары өз денсаулығы мен әл-ауқаты туралы адамдарды оқытуға бағытталған, сондықтан олар осы сұранысты қанағаттандыру үшін өте қолайлы.
Салауатты психология адамдарға әртүрлі тәсілдермен көмектеседі. Осы саладағы көптеген мамандар алдын-алу бағытында жұмыс істейді және адамдарды денсаулыққа байланысты проблемаларды болдырмас бұрын алдын алуға көмектеседі. Бұл адамдарға салауатты салмақты сақтауға, қауіпті немесе дұрыс емес әрекеттерден аулақ болуына және стресске, депрессияға және қорқынышқа қарсы тұра алатын оң көзқарасты сақтауға көмектесуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет