Жоспары: Сайлаудың мәні. Сайлау жүйелері


Референдумда қойылатын мәселелерді өз мәніне қарай төмендегіше бөліп көрсетуге болады



бет5/5
Дата26.12.2023
өлшемі1,29 Mb.
#143582
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация Сайлау құқығы және сайлау жүйелері

Референдумда қойылатын мәселелерді өз мәніне қарай төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

  • Конституциялық /өзгертулер мен толықтырулыр енгізу үшін ұсынылатын жаңа конституция жобасы/;
  • Заң шығарушы /жаңа заңның жобасы немесе күші бар заң/;
  • Консультациялық /мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру. Осындай референдум Швейцарияда оның БҰҰ –ға мүше болып кіруі алдында өткізілді/;
  • Міндетті /референдум өткізуді конституция бекіткен. Мысалы, Жапония Конституциясының 96-бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған елдің Негізгі заңына жасалған өзгертулер жобасы референдумға қою міндеттелген; сол секілді Өзбекстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамына қарақалпақ халқының жалпыға бірдей референдумы негізінде шыға алады/.
  • Факультативтік /кейбір мәселелерді референдумда өткізу, әдетте өкіметтің немесе сайлау корпусының еркіне беріледі. Кейде, мысалы, Литва Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес референдум сайлау құқығына ие 300 мыңнан кем емес азаматтардың талабымен де өткізіледі/.

Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса /депутатқа, президентке және т.б./, ал референдумда қандай да бір нақты мәселе /конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық мәселелерді қамтитын және т.б. заңдар/ қаралады.

  • Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса /депутатқа, президентке және т.б./, ал референдумда қандай да бір нақты мәселе /конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық мәселелерді қамтитын және т.б. заңдар/ қаралады.
  • Екіншіден, сайлауларда дауыс беру нәтижелері мажоритарлық, тепе-теңдік, аралас жүйелермен анықталатын болса, ал дауыс берудің нәтижелері референдумда тек мажоритарлық жүйемен жүзеге асады. Сонымен қатар, референдум өткізгенде әдетте, сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибелерінде одан да басқа өзгешеліктердің болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет