Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: - белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.
Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады: - сыныптағы тәрбие сағаттары;
- баспасөз және қабырға газеттері;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- тәрбие шаралары (пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
- кітап оқу;
- мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- шығармашылық жобалар қорғау;
- қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
- саяхат жасау;
- үйірмелерге қатысу.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табылады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.
Мұғалім мамандығы қиындығы мен қызығы мол, жауапкершілікті мамандық. Қазіргі мектепке жоғары кәсіби дайындығы бар мұғалім қажет. Ол мұғалімнің білгір, білікті болуы, жауапкершілікті бірінші орынға қоя білуі әрбір ата-ана үшін маңызды. Мұғалім мектептегі басты құндылықтар оқушы мен мұғалім, олардың бірлескен еңбегі екенін айқын түсінуі тиіс. Мұғалім үшін, ең алдымен, оның адамгершілік қасиеті басты нәрсе болып саналады.
Оқушылар арасында жүргізілген сауалнамалардағы кейбір цитаталарды келтіре кетейін.
Қазіргі мұғалім – ол:
-Мұғалім – мектептегі ең құнды, сондай-ақ баға жетпес қазына;
- Мұғалім оқушыларды жақсы көруі керек және міндетті түрде тіл табыса білуі қажет. Мұғалім әзілді түсіне білуі керек.
- Мұғалім өз оқушыларына үлгі болуы тиіс.
- Білім беретін мұғалім өзі жанып тұруы керек және өз пәніне барлық оқушының сүйіспеншілігін оятады;
- Мұғалім оқушы тұлғасын төмендетпейді;
- Сабырлы, өзінің теріс, жағымсыз эмоцияларын жасыра алады;
- Мұғалім материалды қызықтырып, қолжетімді түрде жеткізуі тиіс, оқытудың әдіс-тәсілдерін кезектеп беріп, жаңа түрлерін шығарып отыруы тиіс. Оқушыға өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беріп отыруы қажет.
Әрбір ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – бір орында тұрмай, үнемі ізденіс үстінде болуы керек, сезімтал психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор жан ғана мұғалім деген атқа кір келтірмейді, мәртебесіне күмән туғызбайды. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуда мұғалімнің үлгісі мен әсер-ықпалы ерекше орын алады. Мұғалім мамандығына өмір сүру салты ретінде қарауы керек және оны толыққанды және барынша шығармашылықпен сүруі керек.
Мұғалім – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі. Қазіргі мұғалімнің іс-әрекеті белгілі құқықтар мен міндеттерді орындаумен ұштастырылады. Оқушыларды биік өнегелік рухында тәрбиелеуге, ата-аналарын сыйлауға, ұлттық-мәдени құндылықтарды құрметтеуге, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеуі тиіс, оқу-тәрбие процесіне экологияландыру ұстанымын енгізуі тиіс. Бұдан басқа, мұғалім оқушылардың бойында өмір сүру дағдыларын, құзыреттіліктерді, өз бетімен аяғында тұруды, шығармашылық қабілеттерін дамытуы тиіс, үнемі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап отыруы қажет. Мұғалім педагогикалық этика нормаларын сақтап, оқушылардың ата-аналарының абыройы мен намысын сыйлауы тиіс.
Қазақ халқы әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, қастерлеп, аса жоғары бағалаған. Осыған орай ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», – деген да сөздері бар.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұстаз - Қазақстан мемлекетінің патриотын тәрбиелеудегі белсенді насихаттаушы, рухани адамгершілікті, жауапкершілікті қалыптастырушы.
Сондықтан елім деп еңірейтін, Отанын, халқын ең басты құндылық деп есептейтін ұлтжанды, патриот ұрпақ тәрбиелеуді – әрбір қазақстандық ұстаз менің мақсатым және міндетім деп қабылдауы тиіс. Сондықтан әрбір мұғалім университет қабырғасынан білім алып жүргеннен бастап, өзінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ерекшеліктері біздің зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшелігі» деп таңдауымызға себепші болды.