Жұқпалы аурулардың бұрқ етпесін анықтау, зертханалық эпидемиологиялық қадағалау және микробқа қарсы тұрақтылықты бақылау Зертханалық эпидемиологиялық қадағалау


Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады және



бет6/7
Дата20.10.2023
өлшемі5 Mb.
#119945
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 -тема каз

Науқастан жауап алу кезінде эпидемиологиялық анамнез жиналады және:
1) аурудың басталған уақыты;
2) бұрын ішек инфекцияларымен ауырғандығы;
3) тамақтанудың және суды пайдаланудың сипаты;
4) ауру басталғанға дейін ең жоғарғы инкубациялық кезең ішінде ауырған адамның болған орны (жұқтыру орны туралы мәселені шешу үшін);
5) аталған аурудың клиникалық ерекшеліктері анықталады.
. Науқаспен бірге жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау жүргізіледі. Мекеме ішінде жұқтыру фактісі анықталған кезде тамақтандыру жұмыскерлеріне және ауырғандарға бактериологиялық тексеріс жүргізіледі.
Науқастан және басқа да адамдардан жауап алу барысында алынған мәліметтерге сәйкес инфекцияның пайда болу және жұғу факторларын айқындау мақсатында қоршаған орта элементтері тексеріледі.
Эпидемиологиялық тексерістің негізгі мақсаты тұтанудың түрін және сипатын, сондай-ақ оның дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау болып табылады.
Эпидемиологиялық тексеріс барысында тұтануға әсер еткен болжамды себептерді анықтау мақсатында ошақтың бөлек объектілерінің (тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілері, аумақ) санитарлық жай-күйі туралы мәліметтер жиналады. Жасақтар бойынша аурудың құрылымы тұтанудың дамуына әсер ететін ауырғандардың еңбек пен тұрмыс жағдайларымен және басқа да факторлармен салыстырылады. Бір уақытта судың, күдікті ас тағамдарының және тамақтандыру блогы құралдарының шайындыларының зертханалық зерттеулері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлеріне, ауырғандарға бактериологиялық тексерістер жүргізіледі.
Эпидемиологиялық тексерістің қорытынды кезеңі барлық материалдарды талдау мен жинақтау болып табылады. Фактілерді салыстыру және барлық мәліметтерді сыни бағалау негізінде инфекция көздері, жұғу жолдары мен жіті ішек инфекциясы пайда болуына әсер ететін жағдайлар туралы соңғы қорытынды жасалады. Бұл қорытындылар эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі мен сипатын анықтау және олардың тиімділігін неғұрлым жеделдететін нақты жағдайларда қамтамасыз етіп, мақсатты жүргізу үшін қолданылады.
Жіті ішек инфекцияларының эпидемиялық таралуы пайда болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан басқа, қосымша мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) күдік тудыратын азық-түліктердің, тағамдардың немесе олардың қалдықтарының сынамасын одар әрі санитариялық-эпидемиологиялық мекемеге сараптамаға жолдай отырып, пайдаланудан шығарады;
2) тамақтың инфекциялануына және онда қоздырғыштардың көбеюіне әсер ететін себептерін айқындайды және жояды;
3) сумен жабдықтау жүйесінің, оның ішінде тарату жүйелерінің ластану себептерін айқындайды және жояды;
4) жуу, дезинфекциялық құралдарын пайдалана отырып, азық-түлік объектілерін мұқият тазалайды, ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтарды қайнатады;
5) тамақтандыру жұмыскерлерінің және ас үй бойынша нарядтағы адамдардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауды күшейтеді;
6) су құбырлары құрылыстарын, су немесе су көздеріне арналған ыдыстарды дезинфекциялайды;
7) сапасы кепілдендірілген ауыз сумен мекемелерде ұсталатын адамдарды дереу қамтамасыз етеді.
Ауа-тамшылық инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу үшін келесі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі:
1) жатақханаларды, камераларды, тамақ блоктарын, клубтарды және басқа үй-жайларды гигиеналық ұстау (температуралық режимді, желдету режимін, тазалау режимін сақтау);
2) жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен ауырғандарды белсенді түрде анықтау және уақтылы оқшаулау;
3) профилактикалық егулер.
Ауру өршіген кезде оқшаулау-шектеу іс-шаралары жүргізіледі.
Тұмаумен күресудің ең тиімді шарасы вакцинопрофилактика болып табылады, ол жұқпалы аурудың эпидемиялық даму кезінде жүргізіледі.
Кене энцефалит ауруының алдын алу үшін табиғи ошақта мекемелерде ұсталатын адамдар болған уақытта кене шабуылдарынан жеке қорғану жөніндегі шаралар қолданылады:
1) кенелердің кіруіне кедергі жасайтын киіммен қамтамасыз ету;
2) кіретін және соратын кенелерді табу үшін дүркін-дүркін (екі-төрт сағат сайын) өзіндік және өзара тексерістер жүргізу;
3) киім-кешекті үркітетін жабдықтарды-репелленттер қолдану;
4) мекемелерде ұсталатын адамдар жиі келетін жергілікті оқшауланған учаскелерді инсекцидтермен (сұйық ерітінділер, бүркуіштер) тазалау.
Сіреспе ауруы пайда болуының алдын алу үшін жарақат жағдайларында жедел профилактика (хирургиялық өңдеу және иммунологиялық қорғауды жасау) жүргізіледі.
Клиникалық тамақ токсикоинфекциясы байқалған және ботулинистік токсикоинфекциясына күдік тудырған адамдар азаматтық денсаулық сақтау секторының емдеу-профилактикалық мекемесіне жатқызылады.
АИТВ-инфекциясына иммуноблотингтің оң нәтижесі бар адамдар мекемеде және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтарда динамикалық бақылауға жатады.
Екінші қан сарысуы бойынша иммундық-ферменттік анализде әрбір алғашқы рет анықталған АҚТҚ-ға оң жағдайға аумақтық ЖҚТБ орталығы сарысуды зерттеуге жіберген медицина ұйымына және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына N 274/у нысаны бойынша АҚТҚ инфекциясы жағдайына күдіктену туралы шұғыл хабарлама жібереді.
Республикалық ЖҚТБ орталығының референс-зертханасынан түпкілікті нәтиже алғаннан кейін аумақтық ЖҚТБ орталығы АҚТҚ инфекциясы диагнозын растау немесе жою туралы N 274/у нысаны бойынша жаңа шұғыл хабарлама жібереді.
Диспансерлік есепте тұрған АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарда "ЖҚТБ" диагнозы қойылған кезде ол туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына N 274/у нысаны бойынша шұғыл хабарлама жіберіледі.
N 274/у нысаны бойынша шұғыл хабарлама "қызметте пайдалану үшін" деген белгімен жабық түрде ғана жіберіледі. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты АҚТҚ-ны жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастар туралы мәліметтермен таныс болған медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар бұл мәліметтерді құпия сақтауға тиіс.
Облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) ЖҚТБ орталықтары ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы салыстыру үшін облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ-ны тасымалдаушылар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың пайда болу саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды.
АИВ жұқтырған адамдарды одан әрі бақылау мен емдеуді ЖҚТБ-нің алдын- алу және оған қарсы күрес жөніндегі мекеме мен аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
Аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет