Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа болып басталады. Артерия қан тамырлары денеге қанды тарқатады. Вена қан тамыры қанды денеден жинап жоғары және төменгі қуыс вена болып, оң жақтағы жүрекшеге құяды. Сол қарыншадан қолқа болып басталып, оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс веналар түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін “үлкен қан айналым шеңбері” деп атайды. “Кіші қан айналым шеңбері” оң қарыншадан өкпе сабауы түрінде басталады. Өкпе сабауы екі өкпе артериясы түрінде өкпенің қақпасы арқылы кіреді. Өкпе артериялары, артериолаларға одан капилярларға тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден қанды жинап, екі өкпеден төрт вена қан тамырлары шығып, қанды жүректің сол жүрекшесіне құяды. Жүрек пен өкпенің арасындағы қан айналу жүйесі “кіші қан айналым шеңбері”деп аталады.
Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүрек көкіректің үштен екі бөлігінде дененің орта сызығынан – солға, ал үштен бірі оңға ауып, II – V қабырғанын араығында орналасқан.
Жүрек (сердце,соr) – ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайтын бұлшық етті тақ мүше. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған.