Қан айналым жетіспеушілігі - жүрек-тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерге керекті қан мөлшерін жеткізе алмауы.
Қан айналым жетіспеушілігі - жүрек-тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерге керекті қан мөлшерін жеткізе алмауы.
Қан айналым бұзылуы тек жүректің, не тек тамырдың зақымдануынан, не болмаса тұтас жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануынан болады. Сондықтан қан айналысының жетіспеушілігін жүрек шамасыздығы, тамыр шамасыздығы және жүрек-тамыр шамасыздығы деп үш топқа бөлуге болады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні жүрек шамасыздығы.
Жүрек жетіспеушілігі (ЖЖ)
Жүрек жетіспеушілігі (ЖЖ)
Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек өзінің жұмысын атқара алмауын), яғни жүректің жиырылу функциясының нашарлауын айтады. Себептері үш топқа бөлінеді.
Жүректің ішінде қан айналысы бұзылғаннан жүрекке күш түсу (көлемдік күш түсу):
а) жүрек бұлшық етінің біріншілік зақымдануы (миокардиттер, кардиомиопатиялар, алкогольмен, наркотиктермен улану).
б) жүрек бұлшық етінің екіншілік зақымдануы (миокард инфарктынан кейінгі кардиосклероз, атеросклероз, эндокринді аурулар, токсикоаллергиялық аурулар, дәнекер тіннің жүйелі аурулары, анемиялар т.б.).