амалы әлсірейді. Аллаһ тағаланы зікір қылу құштарлығы
бәсеңсейді де жүректегі иманның шоғы кеми
түседі. Мұндай адам шариғат заңының
бұзылғанын көрсе жүрегінде жеркеніш
тумайды, ал тыйым салынған харам нәрсенің
орындалғанын
көрсе
қарсы
әрекет
жасамайды. Зорлық-зомбылықты естіген
жағдайда ешнәрсе болмағансып үнсіз қала
береді. Жүрегі осы дертке шалдыққан кісі
Аллаһтың орында деп бұйырған нәрсесін
орындамайды және тосқан нәрсесінен аяқ та
тартпайды.
6. Тасжүрек адамның бойын үрей билейді. Шыбын жаны қысылады, адамдардың
арасында тұра алмайтын халге ұшырайды.
Сондай-ақ ол адамға өмір сүру мен
тұрақтылықтың пайдасы жоқ болып көрінеді
де кез келген нәрсенің көлеңкесінен туған
уайым күшейіп үдей түседі.
13
7. Күнә жасау өзіне ұқсайтын әрекетті тудырады: Шариғатты бұзып күнә жасау амалы
бірінен-бірі туып жалғаса береді. Тіпті
оларды бір-бірінен айыру қиынға соғып,
әдеттегі амалға ауысады.
14
Жүректің тасқа айналу себептері Жүректің тасқа айналу себептері көп және
олар алуан түрлі. Бұлардың барлығы бірінен-
бірі қауіпті. Жүректің қатаюына жағдай
жасайтын себептер артқан сайын жүрек тасқа
айнала бастайды. Олардың ең маңыздылары:
1. Жүректің дүниеге беріліп оған жақын тұруы және Ақыреттің ұмыт қалуы. Бұл – жүректі тасқа айналдыратын
себептердің ең қауіптісі. Расында да дүние
сүйіспеншілігі
Ақырет
өмірінің
махаббатынан асып кететін болса, онда
жүрек дүниеге беріледі. Бұл өз кезегінде
бірте-бірте иманды әлсіретеді, нәтижесінде
Аллаһқа құлшылық жасау әрекеті салқын
және жалықтыратын амалға көшеді.
Жүрек ләззат пен рақатты дүниеден тауып,
тіпті Ақыретті ұмытады немесе соған
жақындайды. Бұл нәрсеге бойұрған адам
құмар мен ләззатқа беріліп, өз кезегінде өмір
үшін қауіпті екенін естен шығарады, шексіз
15
арманға ілесіп кете барады. Сондықтан осы
кесапат бәлелердің бір адамның бойында
шоғырлануы оны құрдымға түсіреді. Дүние
қызығы ағаш бұтақтары тәріздес көп. Жүрек
сол
бұтақтардың
біріне
жақындап
тұрақтайды, кейін бұтақтың басқасына
жайылады. Сөйтіп
Аллаһтан
алыстап
кеткенше жалғасады.
Күмәнсіз көкірегінде мұндай жүрегі бар
пенде
Раббысын
ұлықтауды
ұмытып,
керісінше
дүниені
мадақтап
құрметке
бөлейді. Осылайша ұлықтауға тұрмайтын
нәрсеге тағзым жасайды. Шынайы ұлық
мәртебе мен құрметке лайық нәрсеге
бейқамдық танытады. Сол себепті ол
адамзаттың ауыр жазасын тартады.
Көне көз қариялардың бірі:
«Кез келген құлдың дүние қамын көруі
үшін жүзінде орналасқан екі көзі бар. Сол
сияқты Ақырет тіршілігін көруі үшін екі көзі
жүрегінде орналасқан. Аллаһ Өзінің игілік
жасағысы келген пендесінің жүректегі екі
көзін ашады. Соның арқасында ол Аллаһтың
16
берген ғайыптағы уәдесін тамашалайды. Ал
егер Аллаһ пендесіне жамандық қаласа, онда
оны сол қалпында (әдеттегі екі көзімен)
қалдырады», – деп айтқан, сонан соң Аллаһ
тағаланың: «...немесе олардың жүректері