25 жастағы науқас соңғы 5 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады. Осы жылдың көктемінде қайта басталған ұстама кезінде b-адреномиметик қатарынан дәрілік заттар қолданылған, бірақ ұстама жойылмаған.
Науқаста қандай асқыну дамуы МҮМКІН?
демікпелік статус
гиповолемия
гипертоникалық криз
гипогликемиялық кома
жедел жүрек жеткіліксіздігі
Науқас Б., 15 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады.
Науқаста дамыған бронх демікпесіне СӘЙКЕС КЕЛЕТІН патогенез
бронхтардың гиперреактивтілігі
альвеола ішілік экссудация
өкпенің респираторлы бөлімінің зақымдалуы
өкпелік гипертензия нәтижесінде өкпенің қабынуы
бронх қабырғасының созылмалы диффузды қабынуы
Науқас К., өзін кешеден бері аурумын деп санайды. Таңертеңнен қалтырау болған, кейін дене қызуы 39,8°С дейін көтерліген. Аурудың бірінші күнінің соңына қарай мұрны бітеліп, төс артының және тамақтың жыбырлауы, төс артында ауыру сезімімен құрғақ ауыр жөтел пайда болған. Аспирин қабылдағаннан соң хал-жағдайы жақсармаған.Мұрын жолдарынан бөлінділер жоқ. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдайдың, имектің, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасыныңгиперемиясы. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 102соқ/мин, ритмді, АҚ-110/60 мм.с.б.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
тұмау
көкжөтел
парагрип
микоплазмоз
аденовирустық инфекция
Науқас З., 20 жас, бас ауыруына, енжарлыққа, тұмауратуына, тамақтың жыбырлауы және құрғауына, жұтынғанда тамағының ауруына, даусының қарлығуына, құрғақ "үрген тәрiздi" жөтелге шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Дене қызуы 37,5°С. Мұрыннан аздап серозды бөлiндi бар. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдай, доға, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған, жарқын гиперемиясы, ұсақ дәндiлiгi бар. Бадамшалар ұлғаймаған. Өкпеде бірен-саран құрғақ сырылдар. Тыныс жиілігі - минутына 18. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 82соқ/мин, ритмді, АҚ-110/70 мм.с.б. Менингеальды көрiнiстер жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы ?