46 жастағы ер адам ұйықтап жатыр,қорылдайды.Оны ояту мүмкін емес.Қолына укол салғанда қарсыласпайды.Науқаста ес бұзылысының қай деңгейі дамыған?
кома
ашық
сопор
ступор
сомноленттік жағдай
30 жастағы әйел жұмыста кенеттен есін жоғалтты. Жедел жәрдем дәрігері науқастың қант диабетімен ауыратынын және инсулин қабылдайтынын анықтады.Науқаста кетоацидоздық кома дамыған.Тері астына 40 ЕД бірлікте қысқа әсерлі инсулин енгізілген,осыдан кейін науқас терең комада ауруханаға жеткізілді. Объективті: ес түссіз.Терісі қалыпты түсті. АҚ 125/80 мм.с.б.б. Пульсі 96 рет мин. Гликемия 1,1 ммоль/л. Науқаста қандай кома дамыды?
гипогликемиялық
гипергликемиялық
кетоацидоздық
церебральдық
уремиялық
48 жастағы ер адам.Дене температурасының жоғарылауына,оң жақ қабырға астындағы сыздаған ауру сезімі,әлсіздікке, аяқтардағы және іштегі ісіктерге,қорқыныш сезіміне шағымданды. Объективті: тері мен шырышты қабаттардың субиктериялығы, бүкіл денедегі дақтар, ауыздағы бауырлық иіс. Сіңірлік рефлекстер жоғарылаған,жоғарға ұстамаға бейімділік байқалады.Жиі нистагмдар,аяқ-қолдың және беттегі тырысулық тартылулар анықталды.Ойлаудың баяулауы,ориентация,ұйқысы бұзылған,“шапалақтаушы ” тремор бар Науқаста қандай кома дамыды?
бауырлық
уремиялық
кетоацидоздық
гиперосмолярлық
гипогликемиялық
45 жастағы әйелге түнде жедел жәрдем шақыртылды. Науқас ес түссіз,сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді.Туыстарының айтуы бойынша қант диабетімен зардап шегеді.Терісі бозарған,ылғалды,қалыпты температуралы.Тынысы жиі және терең. АҚ 90/53 мм. с.б.б., ТАЖ 10 рет мин. Қандағы глюкоза 1,4 ммоль⁄литр. Науқаста қандай кома дамыды?