Қыз бала 13 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, төс артында кеудені басып, қысып тұрған тәрізді сезім. Дене температурасы 37,5°С. Ауруы суық тигеннен кейін басталып, 3 күнге созылған. Аускультацияда везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған. Құрғақ сырыл естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
жедел бронхит
бронх демікпесі
созылмалы бронхит
құпғақ плеврит
пневмония
Науқас К., 24 жаста. Құрғақ, дөрекі, «ит үрігендей» жөтел мен тұншығуға шағымданған. Соңғы бір аптадан бері өзін науқаспын деп санайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын лимфа түйіндері екі жақта да ұлғайған, аздаған ауырсыну бар. Дауыстың үдемелі қырылы тұрақты афонияға ауысқан. Аңқаны қарағанда түсті ақшыл лай түстес , оңай алынбайтын, алғанда орны қанайтын қабыршақты көрдік. Тынысы шулы. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 90 р/мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
дифтериялық күл фонындағы көмейдің жеделдеу стенозы
созылмалы фарингиттің асқынуы
көмейдегі бөгде зат
демікпелік статус
жедел фарингит
Науқас 64 жаста. Соңғы 5 күннен бері тыныштықта кенеттен пайда болатын ентігу, жүрек соғуы, әлсіздік мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, диффузды цианоз. Аускультацияда: екі өкпесінің де төменгі бөлігінде аздаған майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ 24 р/мин. Жүрек тоны ритмсіз, әлсіз, жиі экстрасистолиялар. ЖСЖ 110-120 р/мин. АҚҚ 100/60 мм. Сол жақ аяғының тамырлары варикозды кеңейген. ЭКГ-да: оң жақ жүрекшеге түскен жүктеме белгілері, Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокадасы, оң қарыншалық экстрасистолиялар.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы
жедел бронхит
жедел пневмония
оң жақ өкпе ісігі
СЖЖ. ҚБ2. Іркілулік пневмония.