Ер адам 40 жаста, оң қолымен жүк көтерген, шалынып, оң иығымен құлған. Иық буыны аймағында қатты ауру сезімін сезген, Мужчина 40 лет, нес в правой руке груз, оступился и упал на правое плечо. Сильный удар пришелся на область плечевого сустава, осы уақытта жүктің ауырлығы максимальды төмен түскен. Науқас иық белдеуі аймағынан қатты ауру сезімін сезген. Бір тәуліктен кейін 103 шақырған. Қарап тексергенде: оң жақ зақымданған иық белдеуі ісінген, сыртқы (акромиальді) бұғана соңы баспалдақ тәрізді анық көрініп тұр. Иық буынын қиылдатқанда, әсіресе иықты жоғары көтергенде және әкеткенде қимыл шектелген және ауру сезімімен. Бұғананың акромиальды соңын басқанда ол төмендейді, қысым түсіруді тоқтатқанда ол қайтадан көтеріліп- бұғананың серіппелі қозғалысын тудырады. Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
оң бұғананың акромиальды соңының шығуы
оң бұғананың жұмсақ тінінң соғылуы
оң бұғана буын байламының созылуы
оң бұғананың акромиальды соңының сынуы
оң бұғананың акромиальды соңының гематомасы
Ер адам 30 жаста, 2 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы сол жақ өкшеге түсті. Оқиға болған жерді 103дәрігері қарады.Объективті:сол өкше жалпақталған, ісінген және кеңейген. Тобықтың ішкі жағы қанталаған. Табанның күмбез бойы жалпақталған. Ауру сезіміне байланысты өкшеге күш түсіру мүмкін емес. Өкшенің пальпациясы ауру сезімімен. Тобық бұлшықетінің жиырылуы өкшедегі ауру сезімін күшейтеді. Артынан қарағанда зақымданған аймақта тобық төмен тұр, ал өкше сүйегінің осі ішке қараған екі табан көрінеді. Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
сол өкше сүйегінің сынығы
сол тобық буын байламының созылуы
сол тобықтың ішкі сынығы
сол тобықтың сыртқы сынығы
сол тобықтың екі жағының да сынығы
Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті. 103 дәрігерінің қарап тексергенде: сол жамбас ісінген, деформацияланған, оның осьі қисайған. Жарақат алған аймақта ауру сезімі сезіледі. Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады. Сол аяғын көтере алмайды. Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған. Шеткі артерияларда пульс сақталған.Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?
сол жамбастың ортаңғы үштен бір сынығы
сол жамбастың жоғарғы үштен бір сынығы
сол жамбастың төменгі үштен бір сынығы
сол жамбастың жұмсақ тінінің соғылуы
сол жамбастың мойның сынуы