Ескі үйдің жер төлесінен 49 жастағы ер адам табылды. Тері жабындысы бозғылт, сипап сезгенде суық. Есі сопор, сіңірлік рефлекстер төмендеген. Дене температурасы 300С дейін.
Аяқ-қолдары терісінің сезімталдығы төмендеген, гипотония АҚҚ-80/50 с.б.б., брадикардия – ЖЖЖ 48 рет минутына, брадипное ТЖ–минутына 7 рет.
Науқасқа бірінші кезекте қандай шаралар жасалуы тиіс:
жылы 0,9% натрий хлориді ерітіндісі инфузиясы
жылы майлы клизма
жылы сумен сифонды клизма
көктамырға адреномиметиктердің жылы ерітіндісін енгізу
көктамырға магний сульфатының жылы ерітінідісін енгізу
Бала 4 жаста, 30 минут бұрын белгісіз зат жеп қойған. Шағымдары жүрегі айну, құсу, іштегі ауру сезімі, қозу. Объективті: психомоторлы қозу, тері жабындысы бозғылт, цианозды, қарашықтары тарылған, бұлшық еттік тартылулар байқалады. Өкпесінде көптеген әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, ТЖ минутына 26 рет. Мұрынынан сулы бөлініс байқалады. Жүрек үндері тұйықталған.
Науқасқа бірінші кезекте қандай дәрілік зат жасалуы тиіс:
атропин
брузепам
кордиамин
зәр айдағыштар
бронхолитиктер
Тұншығу болған зардап шегушіні стационарга тасымалдау кезінде тырысу пайда болды.
Төменде аталғандардың ішінен науқасқа бірінші кезекте қандай ем шаралар жасалуы тиіс:
тырысуға қарсы дәрілер енгізу
система қою
интубация жасау
ауаөткізгіш түтік енгізу
тілдің басылуының алдын- алу
Суицидке әрекет ету мақсатымен асылып тұрған жерінен туысқандары ілмектен шешіп алған. Дәрігер қарап тексергенде мойынындағы странгуляциялық жүлге жұтқыншақтан төмен орналасқан, тері түсі көгерген, ақыл-есі есеңгіреген, тынысы спонтанды, ТЖ –минутына 20 рет, тахикардия, ЖЖЖ– 110 рет минутына, АҚҚ 150/90 с.б.б. қолдарында клоникалық тырысу бар.
Төменде аталғандардың ішінен науқасқа бірінші кезекте қандай ем тағайындаған дұрыс:
реланиум
капотен
нифедипин
преднизолон
магний сульфаты
Жағажайда ес-түссіз ер адам табылды. Қарап тексергенде – тері түсі гиперемирленген, дене қызуы 400, тахипноэ, тахикардия, АҚҚ 80\40 мм. с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия минутына 110 рет. Жүректің электрлік осі қалыпты. Жедел коронарлы патология жоқ. Қандағы глюкоза деңгейі 3,6 ммоль/л.
Науқаста МҮМКІН болатын диагнозды анықтаңыз
күн өтуі
алкогольмен улану
анафилактикалық шок
гипогликемиялық кома
белгісіз жәндіктің шағуы