Жүрек талма ауруларына арналған жаттығулардың ерекшеліктері Жүректі де жаттығумен емдеуге болады


Жүректі нығайтатын ең қарапайым жаттығулар



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі20,21 Kb.
#55008
1   2   3
Жүректі нығайтатын ең қарапайым жаттығулар
Жүрек жұмысын жақсартуға арналған жаттығу түрлері өте көп. Қайсысын таңдаймын десеңіз де өз еркіңізде. Бірақ, аталмыш жаттығуларды қолға алмас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алған дұрыс. Сонда сіз қандай да бір қауіптің алдын аласыз. Олай болса, жаттығуды бастайық!
Ең алдымен денені қыздырып алайық. Ол үшін 3-5 минут жай жүруге немесе жүгіруге болады. Дене қызған соң жайлап жаттығуға кірісесіз. Әрбір жаттығудың орындалуына 3-5 минуттай уақыт кетеді.

Аяқтың арасын иық деңгейіне дейін ашып, қолды бос ұстайсыз. Содан соң қолды сағат тілімен айналдырыңыз. Артынша жаттығуды қарама-қарсы жаққа қарай айналдырасыз.

Аяқты алшақ қойып, қолды белге қоямыз. Енді оңға қарай, артынша солға қарай иілеміз. Жаттығу орташа жылдамдықпен жасалуы тиіс.

Содан соң дәл сол қалыппен тұрып, демді шығарғанда алға қарай еңкейесіз де, көтерілген кезде демді ішке тартасыз.

Енді алдыңғы жаттығудағыдай аяқты алшақ тастап тұрасыз. Қолды белге қойып, бөксені алдымен оң жаққа қарай, сосын сол жаққа қарай айналдыру қажет.
Орындыққа отырып, қолды аяқтың ұшына жеткізіңіз. Артынша бойыңызды түзеп отырыңыз. Осылайша жаттығуды бірнеше рет қайталайсыз.

Төсекке жатып, аяқты жоғары көтересіз де велосипед тепкендей қимыл-қозғалыс жасайсыз. Бұл жаттығудың да жүрекке айтарлықтай пайдасы бар.

Тағы да еденге шалқалап жату қажет. Содан соң қолды алға қарай созып, көтеріліңіз де, аяқтың ұшына жеткізуге тырысыңыз. Жаттығуды жасап болған соң бастапқы қалыпқа келесіз.
Аяқты бірге қойып, тік отырыңыз. Сосын иекті көкірекке жеткізесіз. Қолды шамалы алға қарай созып тұруға болады. Артынша басты көтеріп, қолды артқа қарай созасыз.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін, жүгіруге немесе таза ауада серуендеуге болады. Осындай қарапайым күнделікті орындалатын жаттығулар ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне, жүрек-қан тамыр жүйесінің нығаюына ықпалын тигізеді. Егер жаттығумен қатар дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз, жүрек жұмысының жақсаратынына еш күмән келтірмесеңіз болады. Ендеше, жүрек жұмысын жақсартуды кейінге қалдырмай, бүгіннен бастап шыныққаныңыз дұрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет