Жүректің массажы мен өкпенің жасанды желдетпесінің бір мезгілде жасалуы



Дата12.03.2022
өлшемі14,58 Kb.
#27683
Байланысты:
БИОЛОГИЯ ТАНДАУ 28,02


Жүректің массажы мен өкпенің жасанды желдетпесінің бір мезгілде жасалуы

Алғашқы көмек – ол адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет.Заң бойынша, алғашқы көмек медициналық болып саналмайды – ол дәрігерлер келгенше көрсетіледі  немесе зардап шегуші госпиталданады. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез келген адам көрсете алады. Бірақ азаматтардың кейбір санаты үшін алғашқы көмек көрсету – қызметтік міндеті. Бұл жерде сөз полиция қызметкерлері, әскериқызметшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, және, әрине, медицина қызметкерлері туралы.  

Алғашқы көмек көрсете білу – қарапайым, бірақ әрбір адам білуі тиісті өте маңызды дағды. Шұғыл жағдайда ол біреудің өмірін құтқара алады

Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) – адамның өкпесінің табиғи желдетілуін қалпына келтіру үшін, оның тыныс жолдарына ауаны (немесе оттегіні) жіберу. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шара болып есептеледі.

ЖҮРЕККЕ  ЖАНАМА  МАССАЖ  ЖАСАУ

Егер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.



Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы  немесе көкірек қуысының компрессиясы – адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы.   Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады.

Жүрекке жанама массаж жасау техникасы:

  1. Зардап шегушіні тегіс қатты жерге жатқызыңыз. Төсекте және басқа жұмсақ жерде көкірек қуысының компрессиясын жасауға болмайды.

  2. Зардап шегушінің семсер тәрізді шеміршегінің орналасуын анықтаңыз. Семсер тәрізді шеміршек – көкіректің ең қысқа және тар, төменгі бөлігі.

  3. Семсер тәрізді шеміршектің жоғарысынан 2-3 сантиметр өлшеп алыңыз – бұл компрессияның нүктесі.

  4. Алақанның негізін компрессияның нүктесіне қойыңыз. Әрі реанимация жасайтын адамның қалай тұрғанына байланысты, бас бармақ зардап шегушінің иегін немесе ішін көрсетіп тұруы керек. Бір қолдың үстіне екінші алақынды қойыңыз. Тек алақанның негізімен ғана басуды жүргізеді – Сіздің саусақтарыңыз зардап шегушінің төсіне тимеуі керек.

  5. Төс сүйегін қаттырақ, жайлап, тек тіктеп, өзіңіздің салмағыңызбен ырғақпен басасыз. Жиілігі минутына 100-110 басу. Әрі төс қуысы 3-4 сантиметрге иілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет