Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.09.2022
өлшемі0,97 Mb.
#39504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Каренов Жүсіп 2015-3-79

Кітаптар көп арабша да, тəжікше, 
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ əзірше, — 
деп өз қоғамында жазылған алғашқы туынды екенін ескерте отырып, сол қоғамның түркі тілдес 
екенін [5; 45]: 
Біл, түркіше жырмен жазып арнадым, 
Дұға қылсаң, мені ұмытып қалмағын, — 
деген жыр жолдарымен аңғартады. 
Дастанның құрылысы мен сюжеті 
Ежелгі Шығыс ілімі бойынша, əлемді төрт нəрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. Осы төрт нəрседен 
əлемнің үйлесімі жасалады. «Құтты білікте» қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нəрседен тұрады. 
Дастанның басты идеясы мынадай төрт принципке негізделіп жазылған [8; 161]: 
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай əділ заңның болуы. Автор 
əділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. 
Екіншісі, бақ-дəулет, яғни елге құт қонсын, деген тілек. Бақ-дəулет мəселесі дастанда патшаның 
уəзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. 
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уəзірдің баласы Ұғдүлміш (Өгдүлміш) 
бейнесінде жырланады. 
Төртіншісі, қанағат-ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəруіш Одгүрміш 
(Одғұрмыш) бейнесі арқылы əңгіме болады. 
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бəйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл — 
13000 өлең жолы деген сөз. 
Дастан қара сөз бен өлең түріндегі кіріспеден, сексен бес бөлімнен жəне қорытындыдан тұрады. 
Алғашқы төрт бөлімі діни мақтауларға, бесіншісі — жеті ғаламшар мен шоқжұлдыздардың 
белгілерін суреттеуге арналған, ал алтыншы — он бірінші бөлімдер негізгі бөліміне кіріспе болып 
табылады. Шығарманың сюжетті бөлігі он екінші бөлімнен басталады. Ол бас кейіпкерлердің 
əңгімелері мен хат жазысуларынан тұрады. Туындының негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде 
жазылған. 
«Құтты білік» дастанының сюжеті автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни 
шығарманың əділдікті, бақ-дəулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-
əрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі қарапайым болып келеді. 
Кітаптың сұрақ-жауап, диалог түрінде жазылуы Авестадан бері келе жатқан дəстүр болатын. 
Ж.Баласағұни сол дəстүрді жалғастыра келіп, ақыл-білімге, кемелдікке деген ізденісін кейіпкерлердің 
өзіне жинақтайды. Адам мүмкіндігі шексіз екендігін, адамның əділетке жете алатындығын, 
мұсылмандардың қырқыншы парызы — ғылымның таным процесіндегі рөлі туралы айтады. Бала 
тəрбиесі, адамгершілік, т.б. көптеген мəселелер қамтылған [2; 90]. 
Туындыда кейіпкерлер дүниелік қызықтардың жалғандығы, маза бермейтін игіліктердің тұрақты 
еместігі, ізгілікті, əділеттілікті, ақыл мен білімді, ұстамдылықты, мырзалықты бағалау керектігі 
туралы сыр бөліседі. 
Кітапта еңбектің жəне кəсіптің қай түрі болмасын маңызды деген ой білдіреді. Тек соны адал 
істей білген адам ғана өз еңбегінің жемісін көреді. 
 «Құтты білік» дастанындағы дүниетаным 
«Құтты білік» 1069–1070 жж. жазылған адамгершілік пен имандылыққа, білімділік пен 
біліктілікке, əділдік пен еңбекке үндеген түркі тіліндегі философиялық, дидактикалық 
шығармалардың көшбасшысы. Баласағұнидің бұл еңбегі кезіндегі ел билеуші хан-қаһандарға əділдік 
пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылымен іс қыла білудің заң ережесі ретінде 
ұсынылған: 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Жүсіп Баласағұнның «Құтты … 
Серия «История. Философия». № 3(79)/2015 
103 
1. Дастанның белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқаруы. 
Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан мемлекетінің Ата Заңы қызметін атқарған. Ол үшін автор 
өз еңбегінде патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен 
нөкерлердің, тəуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-
құлқы, білім дəрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке 
баяндап шығады. Ақын мəселені əмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — 
ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, 
жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған əкімдерді 
күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан 
сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы «Хас Хажыб», яғни бас уəзір, 
міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уəзір халықтың талап-тілектерін патшаға, 
ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. «Құтты білікте» елшіге 
қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл 
білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты 
көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет дейді ғұлама [9]. 
Баласағұни ел басқаратын əміршіге, бекке мейлінше жоғары талаптар қояды. Ел басқарған адам 
өте зерек, іскер болса ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты 
болады деген пікір айтады [5; 213–215]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет