Дүние жүзі бойынша жұқтырылған жер Африка болып табылады. Мұнда АҚТБ жұқтырылған адам 67%-ын құрайды, сонымен қатар барлық жұқтырылғандардың ішінде балалар 91% құрайды.
Қазақстанда да бұл мәселе бей жай қалған емес. АҚТБ таралу көрсеткіші республика көлемінде әр жыл сайын 20%-ға ұлғаюда.
Негізінен ресми ақпараттарға сүйенсек, соңғы мәліметтер бойынша АҚТБ-мен жұқтырылғандар Қазақстанның әр облысында тіркелген. Өкінішке орай, алдыңғы орында Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, сонымен қатар Алматы облыстары болып табылады.