2. Жасушаларды өсіріндіге енгізу, олардың шығу тегі Қазіргі кезде қойылған мақсаттарға тәуелді жануарлар жасушаларын дақылдауында екі бағытты ажыратады: жасушалар өсіріндісі және мүшелер мен ұлпалар өсіріндісі. Осы бағыттардың әрқайсының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар (2 кесте).
Кесте 2. Жасушалық және мүшелік өсірінділердің салыстырмалы сипаттамасы
Жасушалық өсірінді
Мүшелер мен ұлпалар өсірінділері
Құрылымдық ұйымдасуы жоқ
Құрылымдық ұйымдасуы бар
Гистиотиптік архитектура жоғалады
Гистиотиптік архитектура тән
in vivo жағдайларына қатысты биохимиялық процестердің теңсіздігі
Биохимиялық процесстері in vivo жағдайларына максималды жақын
Динамикалық қассиетері қадағаланбайды.
Динамикалық қассиетері қадағаланады
Жасушалық әрекеттесулерді in vitro реконструкциялау мүмкін емес.
Жасушалық әрекеттесулерді in vitro реконструкциялау мүмкін.
Гомогенділік пен нақты бір фенотиптің болмауы. Өсірінділердің көбісінің құрамында жасушалар-бастамашылар және діңгек жасушалары болады.
Ұлпа өсірінділерінің гомогенділігі.
Жасушалар өсіріндісін алу үшін әртүрлі көздер қолданылады. Олар ересек немесе эмбриондар ұлпалары және қалыпты мен қатерлі ісік ұлпалары болуы мүмкін. Осындай өсірінділердің әрқайсысында өзіне тән морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық ерекшіліктері болады. Жаңадан алынған өсірінділерді субдақылдау немесе көшіріп отырғызғанша біріншілік деп атайды. Біріншілік өсірінділер жасушаларының ерекшіліктері: төмен пролиферациялық белсенділік және жасушалық құрамының гетерогенділігі. Осындай өсірінділердің бірнеше пассаждарынан кейін (қайта отырғызу) жасушалардың біртекті популяциясы алынады, мамандаған жасушалардың бір қатары жоғалады да нәтижесінде біріншілік өсірінді тұрақты жасушалық линияға айналады. Сонымен, жасушалар өсіріндісінің субдақылдауы жасушалардың тіршілік ету мерзімін ұзартатын және олардың тұрақты өсіріндіге соңғы трансформациясының негізгі әдісі болып келеді. Тұрақты жасушалық өсіріндінің қалыптасуы жасушалардың морфофизиологиялық ерекшеліктерінде байқалады:
1. Жасушалар мөлшерінің кішіреюі.
2. Жасушалар адгезияға қабілеттілігінің төмендеуі.
3. Жасушалардың домалақтануы.
4. Ядро/цитоплазма арақатынасының жоғарылауы.
5. Жасушалар екі еселену уақытының 3 сағаттан 12 сағатқа дейін азаюы және соның нәтижесінде жасушалар өсу жылдамдығының жоғарылауы.
6. Жасушалардың сарысуға тәуелділігінің төмендеуі.
7. Клондау тиімділігінің арттуы.
8. Субстратқа тәуелділігінің төмендеуі.
9. Гетероплоидтылық мен анеуплоидтылығының жоғарылауы.
Өсіріндіде дақылданатын жасушалар биологиялық ерекшеліктерге ие болады. Оларды жасушалық инженерияның бөлімдерінің бірінде – дақылданатын жасушалар биологиясында зерттейді.