28
Анимация(Animation) – ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес
кескіндер тізбегін экранда
жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы
динамикасын бейнелеу тәсілі.
Сабақ барысы
1-тапсырма
Сабақты оқушылармен мультипликация тақырыбына қатысты сұрақ-
тарды талқылаудан бастаңыз. Мультфильмді бала кезден көріп өскен оқу-
шылар үшін бұл сабақ тақырыбы аса қызықты болуы керек. Сол себепті
сабақтың оқу мақсатын оқушылардың өмірлік тәжірибесінен білімдері
мен дағдыларын қарастырудан бастау ұсынылады. Оқушылардан қандай
мультфильмдерді көретіндіктерін, олардың қалай жасалатындығы жөнінде
сұрастырыңыз. Сұрақтар сан қилы болуы керек. Әсіресе, отандық мульт-
фильмдер жайында сұрастырып көріңіз. Қазіргі таңдағы мультфильмдер-
дің ішінен "Алдар көсе", "Мақтаншақ қыз", "Ертөстік", "Көксерек" сынды
мультфильдерді білуі мүмкін.
2-тапсырма
Анимацияның тарихы туралы бейнематериал көрсетіп, визуалды
өнердің бір түрі – мультипликацияның пайда болу тарихымен таныстыры-
ңыз. Бейнематериалды тамашалаудың өзіндік дискрипторларын оқушы-
лармен бірге қарастыру маңызды. Оқушылар бейнематериалдан қажетті
ақпаратты алуы қажет. Бұл орайда "Білемін. Білгім келеді. Білдім"(ЗХУ)
әдістемесін қолданған жөн. Мысалы төмендегі таблицада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: