Жқз мәліметтерін өҢдеуге арналған бағдарламалар



бет2/4
Дата30.09.2024
өлшемі1,01 Mb.
#146146
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 10 АФР каз

MapInfo Professional геоақпараттық мәліметтерді өңдеу бағдарламасына жалпы шолу

MapInfo Professional – кеңістіктік ақпараттық мәліметтерді жинауға, сақтауға, бейнелеуге, өңдеуге және сараптауға арналған географиялық ақпараттық жүйе. MapInfo Professional ГАЖ бағдарламасы ең алғашқы рет 1987 жылы MapInfo Corp. компаниясымен құрастырылып жасалған және қазіргі замандағы әлемдегі ең танымал қолданыстағы ГАЖ бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда MapInfo Professional бағдарламасы әлемнің 130 елінде қолданыста, 20 тілге аударылған, он мыңдаған ірілі-ұсақты ұйымдарда орналастырылған.


MapInfo Professional – кеңістіктік ақпараттарды өңдеуге арналған жоғары қарқынды өңдеу бағдарламасы. Қолдану аясы өте кең, ол жерді пайдалану және кадастр, геология, білім және ғылым, бизнес және басқару, әлеуметтік, демографиялық және саяси зерттеулерде, өндіріс пен экология, транспорт және мұнай-газ өндірісінде, комуналды шаруашылық және төтенше жағдайлар қызметінде, әскер және құқық қорғау ұйымдарында, сонымен қатар өзге де түрлі салаларда қолданылады.
Геологтар мен маркшейдерлер MapInfo бағдарламасын пайдалы қазбаларды іздестіру мен игеруде қолданады.
Қазіргі таңда кез-келген адамға ірі көлемдегі ақпараттар қолжетімді болып табылады. Ақпарат көздері негізінен электронды кесте түрінде немесе ғарыштық түсірістер негізінде компьютер жадында немесе мәліметтер базасында сақталынып тұрады.
Көптеген қабаттардан тұратын тақырыптық карталар түрлі графиктер мен диаграммалар түрінде тек қана сыртқы бейнелену көрінісін ғана бермей олар жайлы ақпараттар беруге де ыңғайластырып жасалған. Осы аталған мәліметтерді толығымен енгізу үшін MapInfo бағдарламасы қолданылады. Бағдарлама көмегімен жер учаскелерінің аудандарының көлемі, қалалар мен елдімекендердің, облыстардың, мемлекеттердің атаулары, пайдалы қазбалардың кен орындарында аумақ жайлы түрлі мәліметтер, бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттар қабаттар көмегімен енгізіледі.
Компьютер көмегімен ақпараттарды жылдам өңдеумен қатар, географиялық компоненттерді қолдана отырып, жергілікті жер туралы толыққанды мағұлмат алуға болады.
MapInfo бағдарламасының мүмкіндіктерінің қатарына dBASE немесе FoxBASE, бөлгіш белгілерімен ASCII, үтір бөлгіш бөлігімен CSV, ESRI® шейп-файл, Lotus 1-2-3, Microsoft Excel және Microsoft Access, әр түрлі форматтардағы графикалық файлдарды импорттау, MapInfo. Мәліметтер базасын құру мүмкіндігін және осы аталған файлдарға тікелей жолының бар болуын жатқызуға болады.
Тағы бір ерекшелігі мәліметтерді әр түрлі көлемде үш түрлі терезелер көмегімен қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған терезелер: карталар терезесі, тізім және графиктер терезесі болып бөлінеді. Ақпараттарды синхронды түрде бір мезгілде бірнеше терезелер төңірегінде қарастыру және өзгерістер мен толықтырулар енгізу автоматты түрде барлық терезелерде орын алады.
Бағдарлама көмегімен Oracle немесе SQL Server мәліметтер базасына тура мүмкіндік алуға болады, сонымен қатар MapInfo Карталарды жалғастыруға, бірнеше карталарды бір текті карталар ретінде өңдеуге, карталардың кез-келген қабаттарына карта аңызын құрастыруға, тақырыптық карталар құрастыруға оларды жоғары қырағылықпен сараптауға, 3D-Карталарды құруға, тақырыптық растрлық бет картасын және Карта-призмаларды құрастыруға мүмкіндіктер береді. MapInfo көмегімен векторлық карталардың астына растрлық суреттерді қойып өңдеу жұмыстарын орындауға болады. Әр түрлі күрделіліктегі жеке файлдардан қарапайым таңдаулар сұраныстарынан бастап, күрделі бірнеше файлдардан тұратын SQL-сұраныстарына дейін орындауға болады.
Терезелер мен таңдауларды Жұмыс жинақтары ретінде сақтау, ертеректегі жұмыс аяқталған жерден әрі қарайғы жалғастыруды орындауға мүмкіндік береді.
Геолинк, Карта объектілерімен ассоциацияланған файлдарды ашуға немесе URL-мекен-жайы арқылы тура Карта терезесінен ашуға мүмкіндік беретін MapInfo қосымшасы.
MapInfo терезесіндегі мағұлматтарды басқа компьютерлік өңдеу бағдарламаларына OLE делдалдығы арқылы ауыстыруға болады. Бағдарлама әмбебап сурет салу және өңдеу сонымен қатар өзге де карталарға өзгеріс енгізуге арналған құрал-саймандар жинағымен жабдықталған. Crystal Reports қосымшасы MapInfo құрамындағы кестелік ақпараттардың есебін кәсіби түрде жасауға мүмкіндік береді. Әзірленген есеп макеттері әрі қарайғы сапалы басып шығару мен экспортқа дайын түрде ұсынылады. Сонымен қатар, объектілерді өңдеу құзіретімен қатар, олардың параметрлеріне түзетулер енгізу, түйін нүктелердің дәлдігін жақсартуға деген зор мүмкіншіліктерге ие.
MapInfo Professional бағдарламасының карталарды құрастыруға және өңдеуге арналған құрал-саймандары:

  • AutoLabeler - белсенді картадағы косметикалық қабатқа мәтіндік объектілерді орналастырады.

  • CoordSys Bounds Manager - MapInfo бағдарламасының геокодирленген кестелері үшін, анықталушы аудан координаталарын берілген координаталар төңірегінде анықтауға және бекітуге мүмкіндік береді.

  • Concentric Ring Buffer (сақиналық буфер) – бір немесе біренеше буферлік зоналар төңірегінде көптеген концентриялық буферлік аумақтар құрастыруға мүмкіндік береді.

  • Координаталарды енгізу – кестедегі өзіндік проекцияларын қолдана отырып, мағұлматтарды қажетті көрсетілген колонкаларға орналастырып, кестедегі әрбір жазбада (Х,У) координаталарын белгілейді.

  • Create Line by Length – косметикалық қабатта белгілі бір өлшемде, белгілі бір бұрыш төңірегінде сызықтар салуға мүмкіндік береді.

  • Grid Maker (Сетка) – бұл бағдарлама көмегімен параллельдер мен меридиандардың торын салуға болады.

Қосымшаларымен қатар MapInfo Professional бағдарламасының үш өлшемді сараптама жасауға арналған модульі де бар. Бұл модуль көмегімен қолда бар белгілі координаталар арқылы үш өлшемді модельдер құрастыруға, алынған модельдер көмегімен сараптамалар жасауға болады.
MapInfo Professional бағдарламасынан өзге карталарды құрастыру мен жаңартуда тағы да бір әмбебап бағдарлама ГАЖ «Панорама» қолданылады.
ГАЖ «Панорама» - электронды карталарды өңдеуде және құруда, жер бетінің 3D модельдерін құрастыруда, растрлық мәліметтерді өңдеуде, картографиялық графикалық электронды және басып шығаруға арналған мәліметтерді әзірлегенде, жергілікті жер мәліметтер базасы арқылы жұмыс жасаған кездерде қолданылады.
Геоақпараттық жүйе векторлық, растрлық және матрицалық карталарды құруға, сонымен қатар жүйелі түрде жергілікті жер жайлы әртүрлі ақпараттарды жаңартуға мүмкіншілік береді.
Геология саласында аталған бағдарлама көмегімен қолданбалы инженерлік-геологиялық іздестіру нәтижелерінің есебін әзірлеу кезінде құдықтар сызбасын, инженерлік-геологиялық кесінділерде жер жұмыстарының көлемі мен жобасын есептеу жұмыстары жүргізіледі.
3D сараптама кешені жазықтық модельдерін құруға арналған әмбебап жиын. Жазықтық модельдері жергілікті жердің үш өлшемді картасын құрастыруға, сонымен қатар рельеф бағалау мәселелерін шешуге, ара-қашықтықтарды өлшеуге, аудандар мен көлемдер шамасын есептеуде, көрініс зоналарын құруда, профильдер сызуда, еңістіктердің бағытын анықтауда кеңінен қолданысқа ие. 3D модельдер көмегімен алыс қашықтықтағы объектілер жайлы кеңседен шықпай-ақ белгілі бір территория аумағы жайлы нақты мәліметтер ала алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет