Жүздер-қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Орындаған:Ғабиден Ақжүніс



бет2/3
Дата12.02.2023
өлшемі12,15 Kb.
#67278
1   2   3

Үш жүз мекендеген жерлер

Үш жүз мекендеген жерлер

Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген. Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысы, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлері, Қаратаудың терістік беткейі, Балқаш көлінің солтүстігінде болған. Ал жазда Тобыл, Ертіс, Торғай, Есіл, Сарысу өзендерінің бойы мен Сарыарқа өңірін жайлаған. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан кейін олардың мекен еткен аумағы да кеңейген. 17 ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген. 16-17 ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қолданысындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеген. 18 ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке мен Күшік хандардың дербес хандықтары, Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке дара өмір сүрді 18 ғасырдың 40-жылдарында Орта жүз Ресей патшылығына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы күйреген соң Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп, 1771 жылы үш жүзге хан сайланды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен ететін аумағы кеңейе түсті.Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. Кейіннен патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдары Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуанды құрып, оны төрелер басқаратын етті.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет