К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет4/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Тақырыптың мазмұны
1. «Этикалық» және «эстетикалық» - әртүрлі көзқарас қатынасындағы категория типологиясы (тарихи-философиялық талдау).

2. Қазақ философиясында этикалық және эстетикалық категория түрлерінің байқалуы және қазақ философиясы түсінігін зерттеудің әдіснамалық негізі.

3. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларында этикалық және эстетикалық категорияны зерттеудің әдіснамалық негізі.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы этика мен эстетиканың өзара байланысын талдау олардың дүниетанымдық позиция қалпының рухани қайнар көзін зерттеуді байқатады. Бұл бөлім аталған тапсырма үшін арналған, мұнда қай мәдениеттің этика мен эстетика сипатының өзара байланысы және мәні, оның тікілей М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов дүниетанымының қалыптасуына әсер еткені бақыланады. Ғылыми әдебиеттерде қазақ философтық ойшылдарының даму тарихын зерттеуде негізінен мынадай этаптарға бөлінеді: ежелгі түріктік мәдениет, орта ғасырлық мұсылмандық, ақын мен жыраулар философиясы, қазақ ағарту ісі, XX ғасыр философиясы. Жалпыға таныс типологияға сүйеніп, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың дүниетанымының рухани қайнар көзін әдіснамалық негіз сапасында зерттеу, осыдан келіп біздің көзқарасымыз бойынша олардың көзқарас спецификасын толық ашатын төрт қайнар көзді бөлдік: бұл көшпенділердің дәстүрі, орта ғасырлық мұсылмандар философиясы, ақын мен жыраулардың мұралары, орыс және европалық мәдениет. Осылайша, нақты тақырыпта этика мен эстетиканың эволюция процесінің өзара байланысуын қарастыру ұсынылды, бұлай қарау біздің жұмысымызды бірқатар қиындатты. Бірақ біз қарастырылатын мәдениет типінің негізгі (әмбебаптығын) керегін, онда қазақ дүниетанымы негізінің құрамдастығын және қазақ мәдениеті барлығына жалпы бір жүйе секілді болып табылатындығын ерекшеледік.

Өткеннің ұлы ойшылдары туралы айтқан кезде, мынадай сұрақтар біздің алдымыздан жиі шығады: олардың философиялық ойлау тарихына әкелген жаңа ойы қандай? Философияның әрі қарай дамуына олардың мұраларының қаншалықты мағынасы болғаны? Мұндай күрделі сұраққа оқу құралы көлемінде қорытындыланған жауап беру өте қиын, бірақ мәселенің зерттеу тартымдылық күш сипатынан елемей кету мүмкін емес. Сондықтан біз сұрақтың қойылуына шамалы басқаша өзгешелік ендіреміз. Біздің көзқарасымыз бойынша, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың өздері қойған мәселені аяғына дейін ашқаны және оның бүтін рационалданған тұжырымда рәсімделгені басты емес депе саналады. Бәрінен бұрын мұнда, зерттелген ойшылдардың мұраларында көрсетілген мәселе бірінші орынға шығарылғаны маңызды. Егерде біз М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығына осы позициядан қарасақ, олар философиялық ойды өздерінің зерттеулерімен соншалықты байытқаны анықталады.

Бәрінен бұрын, біз олардың этикалық және эстетикалық өзара байланыстылық идеясын берік енгізгенін мойындауымыз керек. Олардың шығармашылығын талдау мынаны көрсетеді, этикалық мен эстетикалық өзара байланысының негізі адамзаттық мәнінде жататыны, және осы байланыс арқылы оның дамуы мен қалыптасу ерекшелігін айқындайды. Яғни, этикалық және эстетикалықтың өзара байланысын зерттеу бәрінен бұрын, адамды зерттеудің шексіз процесінде оның табиғи қалпы мен қалыптасуын, оның гармониялық қабілеті немесе өзінің табиғатына тән емес дисгармонияны жасау қабілеттілігін және өз табиғатына сәйкестеп әлеммен қатынас құруын зерттеу. Осыдан, этикалық және эстетикалық – бұл ақиқатты иемдену тәсілі, бірақ дәл сол байланыс адамның өзіндік дамуының белгілі бір сатысын ашады. Бірақ, басқа жағынан алып қарасақ, этикалық және эстетикалық көрініс әлемге қатынасы арқылы көрінеді, ал бұл қатынас өз кезегінде әлемді бүтіндей танудан шығады, сол зерттеу этикалық және эстетикалық өзара байланыс белгілі бір әлем туралы ілімнен шығуы тиіс. Осылайша, біздің зерттеуіміз екі аспектіні ұсынады: этикалық және эстетикалықтың өзара байланысын зерттеу, адам туралы зерттеу арқылы (антропология) және «адам-әлем» қатынасында, яғни әлем туралы зерттеу арқылы (онтология) көрінеді.

Бәрімізге белгілі болғандай, батыс және шығыс философиясының ойлау ерекшелігі, өмір сүруіне, табиғи-климат жағдайларының әртүрлі типтілігіне байланысты бейімделген. Осылай, біздің алдымызда бір әдіснамалық қиыншылық бар, бұл этикалық және эстетикалықтың – еуропа философиясының категориясы екендігі, онда XVIII ғасырда А. Баумгартеннің ғылыми өңдеуі енгізілгені, этикалық және эстетикалық өзара байланыстың ғылыми-теориялық талдау мүмкіндігін жасатты, логикалық-рационалданған аппарат түсініктемесін құрастырды. Бірақ бұл, XVIII ғасыр жүзжылдығында ғажаптық, жақсылық, жамандық, көтеріңкілік кереметтер туралы ойлану болмады дегенді білдірмейді. Этикалық және эстетикалық өзара байланыс генезисі куәландырады, осы этикалық және эстетикалықтың, ежелгі дүниетаныммен синкретті араласқанын, философиялық ойлаудың тәжірибелік сапасына бағыттала құралудан дүниеге келеді, оның негізі: «қалай өмір сүру керек?» сұрағына жауап беруді іздеуден құралады. Яғни этика-эстетика рефлекс генезисі туралы сұрақ философияның шығу тегі мәселелерімен тығыз байланысты болады. Және дүниетанымдық ойлау сұрағының ішінде біріншісі этика-эстетиканың сипатында болу керек: жақсылық, әдемілік нені білдіреді? шынайы өмірдің жетілу жолына барудың мүмкіндігі қандай? Сондықтан, дүниетанымдық құрылымды тануға ұмтылған алғашқы талпыныстар бірмезгілде өзімен бірге этика-эстетика рефлексиясынан да тұратынына болжам жасалады. Өйткені әрбір адамда аталған мәселелер өмірінің барлық шегінде «мәңгі» шешімі табылуы қажет болып табылады, этика мен эстетика терминдерін М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығына қолдану тарихи-философиялық талдау принципіне қайшы келмейді. Байқағанымыздай, әлемнің және адамның жалпы онтологиялық негізі, шығыс пен батыстың категориясы, жалпы адамның тұрмысына байланысты. Сонымен бірге, қазақтың ойшыл дәстүрлерінде жақсылық, жамандық, сұлулық, ерлік деген көзқарастар мен түсініктер бар, бұл батыс философия категориясына мағыналы және сәйкес мағынаны береді және ол этика мен эстетикада көрсетілген. Біз қазақтың ойшыл дәстүрлерін талдау кезіндегі модификация және этика мен эстетика категориясын негізді қолдану керек деп санаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет