К. Д. Бузаубакова


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері



Pdf көрінісі
бет102/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   446
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері: 
-  арнайы кәсіби білім; 
- нақты  нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы; 
- оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы; 


80 
 
- баланың педагогпен  ынтымақтастық қарым-қатынасы; 
- педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы; 
-  баланы педагогикалық қолдауы. 
 
 
 
Сурет-24. Педагикалық іс-әрекет құрылымы 
 
Педагогикалық іс-әрекет түрлері: 
1)  Мұғалімнің  конструктивтік  іс-әрекеті  –  оқу-тәрбие    материалын 
іріктеп  алумен,  композициялаумен,  жобалаумен  байланысты  іс-әрекет:  оқу 
және  тәрбие  міндеттерін  шешудің  ең  үйлесімді  жолдарын  іздестіру,  оқу  және 
тәрбие жұмысының формалары мен әдістерінің мазмұнын анықтау. 
2)  Ұйымдастырушылық  іс-әрекеті  бір  мезгілде  мұғалім  жобаларын 
практикада  жүзеге  асыру  және  әлдеқайда  нақты  жобалаудың  шарты  болып 
табылады.  Мұғалімнің  бұл  іс-әрекетін  ұйымдастыру  (баяндау,  тапсырмалар 
жүйесі);  өз  мінез-құлқын  ұйымдастыру  (іс-әрекеттің  нақты  жағдайларындағы 
педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық 
және жекеше); оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра 
білуі (белсенділермен, ата-анамен жұмыс жасай білуі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет