18
Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді. Егер басқару оң
нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық
жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында.
Э.Т.Баярыстанованың зерттеуі бойынша, білім беру жүйесіндегі
менеджердің қызметтері:
- білім беру мекемесінің даму стратегиясын және оның қызметтерінің
тұжырымдамалық принциптерін жасау;
- білім беру мекемесінің философиясы мен идеологиясын қалыптастыру;
- білім беру мекемесі мен педагогикалық ұжымды жоспарлау, болжау;
- педагогикалық ұжымды мотивациялау;
- педагогикалық ұжымды басқару жүйесін ұйымдастыру;
- материалдық-техникалық басқару;
- маркетингтік қызметті басқару;
- қаржылық-экономикалық басқару;
- компьютерлендіру мен ақпараттандыруды басқару;
- шаруашылық қызметті басқару;
- педагогикалық қызметті басқару ;
- педагогикалық ұжым мен құрылымдық бөлімшелердің әрекеттерін
бақылау және бағалау.
Қазіргі кезеңдегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының
өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-
әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған
теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен,
адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде
қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі
болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі төмендегідей 3 типте өтуі
мүмкін ( 1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: