Менеджментті ұйымдастыру, құрылымдау Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан
өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал
тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы
жұмысшылар келді.
Ұйымдастыру менеджменті: Тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі –
ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің,
амалдарының жиынтығы.
Менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптерімен
ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың
тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы: ұйымдық құрылымды жобалау
әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру
міндеттерін бөлу.
2-суретте басқаруды ұйымдастырудың салыстырмалық сипаты берілді.