К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет18/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

МАҚСАТТЫ 
БАСҚАРУ
• Шешуші рөл
атқарады
• Кәсіпорынның жалпы
мақсаттық, дербес
бөлімшелерді
ұйымдастыру үшін
жіктеу
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
БАСҚАРУ
• Нақты тапсырманы
мұқият ойластыру, 
бөлімшелердің
жүйелі әрекетін және
бұл әрекеттердің бір-
бірімен байланысын
анықтау көзделеді
• Күрделі құрылыста, 
көп бөлшекті
бұйымдар шығаруда, 
жоспардан тыс және
жедел жұмыстарда
қолданылады
ЖАҒДАЙҒА ҚАРАЙ 
БАСҚАРУ
• Мақсаты
айқындалған, әрі
сирек өзгеретін
тұрақтанған, толық
меңгерілген өндірісте
қолданылады
• Туындаған қолайсыз
жағдайдан өндіріс
процесіндегі
іркілістен шығудың
ең қолайлы жолдарын
іздестіру
БАСҚАРУ ТИПТЕРІ 


20 
 
 
 
 
Сурет-2. Басқаруды ұйымдастырудың салыстырмалық сипаты 
 
Анри  Файоль  (1847-1925  ж.ж.)  –  менеджменттің    атасы,  көмір  шығару 
бойынша  француздық  компанияның  үлкен  басшысы.  Ол  ұйымдық 
менеджменттің негізін салушы деп саналады.  
Анри  Файоль  ұйымды  (кәсіпорын,  фирма)  біртұтас  ағза  ретінде 
қарастырады.  Ол  жұмысты  дұрыс  ұйымдастыра  білетін  әрбір  менеджер 
жетістікке жетеді деп  санады.  
Тәжірибе  менеджменті.  Тәжірибе  менеджментінің  тұжырымдамасын 
жасайтын  екі  тәсілдеме  бар.  Біреуі  –  прагматикалық,  екіншісі  –  ғылыми. 
Біріншісі  –  мәселені  рецепті  бойынша  шешуге  және  нәтижені  жуық  арада 
тікелей алуға бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар 
бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға 
негізделген.  Екінші  тәсіл  әлдеқайда  тиімді  болмақ.  Ол  арнайы  дайындықты 
қажет етеді. 
Бұл  менеджент  әртүрлі  қызмет  салаларында  –  өндірістік,  әлеуметтік,  
экономикалық,  сондай-ақ  мәдени  салада  да  жүзеге  асырылуы  ықтимал.  Ол 
басқару  тұжырымдамасы  жасау,  оның  негізгі  ережелерін,  басымдықтарын, 
тәсілдерін белгілеумен ерекшеленеді.   
Стратегиялық  менеджмент  –  менеджменттің  әртүрлілігі.  Оның  басты 
ерекшелігі  –  болжағыштық,  мақсаткерлік,  перспективалығы,  стратегиялық 
бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейді.  Ол  экономикалық  даму,  өткір 
бәсекелестік, басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей 
түсуінің  нәтижесінде  пайда  болды.  Оның  артықшылығы  ресурстарды,  ең 
бастысы  уақыт  ресурстарын  ұтымды  пайдаланады.  Стратегиялық  менеджмент 
басқаруды  ұйымдастыруда  және  әдістемелерінде,  басқарудың  тетіктері  мен 
Басшылардың біршама шағын 
болуы, орта буынды 
басшылардың мүлде болмауы
Басқарылмайтын қызметке 
қарағанда басқарылатын жұмыстар 
көбінесе бөлінбеген
Ұйым үшін маңызды 
шешімдерді қабылдай 
алатын шағын адамдардың 
болуы
Бұйрыққа және сезімге 
үйрену
КЕШЕ
Басшылардың көп болуы, 
орта буынды басшылардың 
көп болуы
Басқару топтары айқын белгіленген, 
басқарылмайтын қызметке қарағанда, 
басқарылатын жұмыстар айқын 
бөлінеді және ажыратылады
Ұйымда басшылық қызмет 
заңдылық пен тәртіпті сақтай 
отырып беріледі
Ұйым үшін маңызды 
шешімдерді қабылдай 
алатын адамдардың болуы
Ұжымдық жұмысқа және 
тиімділікке сүйену
БҮГІН


21 
 
технологиясында,  оның  парадигмасы  мен  тұжырымдамасында  көрініс  табады. 
 
Стратегиялық менеджменттің маңызды ерекшеліктері: 
- педагогикалық  ұжымды  сипаттауға  арналған  мәртебе,  оның  әлеуметтік-
экономикалық ортада алатын орны, стратегиялық даму әлеуеті. 
- педагогикалық  ұжымды  басқару  мақсаты  болып  табылатын  фирманың 
мақсаты.  Мақсат  –  болашақта  болатын  шындық,  ол  үлкен  талдамалық  және 
жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады. 
- басқару  шешімдерінде  ұйғарылатын  стратегиялық  бағдарламаның 
жүзеге  асырылуы  алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізеді.  Бұл  бағдарламада 
бағдарларды,  даму  кезеңдерін,  басымдықтарды,  шектеу  факторларын  анықтап 
алудың  маңызы  зор.  Стратегиялық  бағдарлама  дамудың  жалпы  бағытынан 
қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді. 
- басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу. 
- инновациялық,  қаржылық,  экологиялық  менеджмент,  сондай-ақ  адам 
ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады. 
Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді  мектеп директоры, ал оқу-тәрбие 
процесін  басқаруды  директор  және  оның  орынбасарлары  атқарады. 
Директордың  функционалдық  міндеттері  жалпы  білім  беретін  мекемелердің 
типтік қағидаларында көрсетіледі.  
Мектептегі  жұмыстың 
жекелеген  бағыттары  бойынша  жұмыс 
директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, 
сыныптан  және  мектептен  тыс  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырушы, 
профильдік  сыныптар  немесе  жекелеген  пәндерді  тереңдете  оқыту  сыныптары 
бойынша  орынбасары,  шаруашылық  жөніндегі  директордың  орынбасары 
болып  бөлінеді.  Соңғы  жылдары  мектептерде  ғылыми  жұмыстар  бойынша 
директордың  орынбасары,  әлуметтік-педагогикалық  реабелитация  жөніндегі 
директордың  орынбасары,  коммерция  бойынша  орынбасарлары  міндетті 
қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.  
 Қазіргі  уақытта  әлемдік  білім  көптеген  ұлттық  білім  жүйесінен  тұрады, 
олар  өздерінің  мәдени дәстүрі,  мақсаты  мен  міндеттерінің деңгейі  және  өзінің 
сапалық  жағдайлары  бойынша  ерекшеленеді.  Әлемде,  әр  елдің  ұлттық 
ерекшелігін есепке алатын менеджменттің әртүрлі моделі бар. Бұл ең алдымен 
әртүрлі  халықтардың  ұжымдық  мәдениетінің  ерекшелігімен  байланысты. 
Адамдардың  іскерлік  қарым-қатынасының  саясаты  –  менеджменттегі  басты 
нәрсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет