К. Д. Бузаубакова


Әдістемелік бірлестік отырыстарының тақырыптары



Pdf көрінісі
бет227/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   446
Әдістемелік бірлестік отырыстарының тақырыптары: 
1) Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену. 
2) Проблемалық  тақырып  бойынша  есептерді  және  шығармашылық 
есептерін тыңдау. 
3) Өткізілген тексерулердің қорытындысын талдау. 
4) Өткізілген шараларды (пән апталықтарының қорытындысын) талдау.    
5) Жартыжылдық 
бақылау 
жұмыстарының, 
жедел 
бақылау 
жұмыстарының, тестік жұмыстардың қорытындысын талдау.  
6) Пән бойынша өткізілген сайыстардың қорытындысы (олимпиада). 
7) Ашық сабақтарды талдау. 
8) Бағдарламаның қиын тараулары бойынша тәжірибе алмасу. 
9) Әдістемелік бірлестіктің проблемалық тақырыбы бойынша баяндама. 
10) Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерден баяндама. 
11) Диагностика  бойынша  мұғалімдерге  қиындық  келтіретін  әдістемелік 
тақырыптарды талдау. 
12) Емтихан материалдарын талдау және бекіту. 
13) Әдістемелік бірлестік жұмыстарын талдау. 
 
14) Тәлімгерлер  мен  жас  мұғалімдердің  іс-тәжірибеден  өту  жайындағы 
есептері.  
15) Курсқа  дейінгі  және  білім  көтеру  курсынан  кейінгі  жұмыстарды 
талдау және бағалау. 
16) Білім жетілдіру курсынан  өтіп келушілердің хабарламалары. 
  Әдістемелік  бірлестіктерді  өткізудің  белсенді  формалары:  дөңгелек 
үстел  басындағы  сұхбат,  іскерлік  ойын,  пікірталас,  конференция, 
педагогикалық  оқулар,  т.б.  Жоспарда  шаралардың  мазмұны,  тақырыбы, 
сыныптары, түрлері, мерзімі, жауаптылардың аты-жөні көрсетіледі. Мектептегі 
әдістемелік жұмыстың, ең негізгі міндеті  мұғалімнің мамандығын жетілдіру, әр 
мұғалімнің кәсіби  шеберлігі  мен  мүмкіндігін  айқындау,  сабақтарына  қатысып, 
жетістіктері  мен  кемшіліктерін  көрсету,  өзара  сабақтарына  қатысуын 
ұйымдастыру,  сабақ  жоспарларын  жасауға  және  оны  өз  бетінше  талдауға 
басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу  жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің 
іс-тәжірибесін,  шеберлігін  зерттеу  қорытындысы  бойынша  жасалған 
диагностикалық  карта  негізінде  мұғалімдердің  үш  тобы  анықталады.  Олар: 
шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет ететін және сол деңгейде ізденетін 
мұғалімдер;  шығармашылықпен  ізденуге  ынталы  мұғалімдер;  тәжірибесі  аз  – 
жас  мұғалімдер.  Осылайша  мұғалімнің  инновациялық  даярлық  деңгейін 
анықтау,  біріншіден,  әдістемелік  жұмысты  тиімді  ұйымдастыруға  әсерін 
тигізсе;    екіншіден,  берілетін  тапсырма  әр  мұғалімнің  шеберлігіне,  ізденісіне 
қарай бөлінеді. 
Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі: 


186 
 

 
Тәжірибесі  аз  мұғалімдер  –  жас  мұғалімдерге  жекелей,  топтық  көмек 
көрсету  және  әдістемелік  жеке  тапсырмаларды  орындауға  тарту  жұмыстарын 
жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру. 

 
Педагогикалық  шеберлік  мәселелерін  жетілдіруге  баулу  жұмыстарын 
жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту. 

 
Оқытудың  жаңа    әдіс-тәсілдерін  игеру,  озат  тәжірибені  қорыту  мен 
тарату,  жаңашылдар  тәжірибесін  өз  мүмкіңдіктеріне  қарай  пайдалануда 
«Мектеп  оқушыларының  өзін-өзі  дамытуына  жағдай  жасау  мақсатында 
оқытудың 
ұжымдық 
түрін 
қолдану 
мәселесі» 
тақырыбындағы  
«шығармашылық топ» мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру. 
Әдістемелік  апталықтарда,  семинарларда  оқытудың  ұстанымдары  мен 
әдістері,  сабақтың  типтері,  осы  заманғы  сабақтың  құрылысы,  сабақтарға  жан-
жақты  талдау  жасаудың  үлгісі  мен  озат  тәжірибені  оқып-үйрену,  зерттеу 
нәтижелерін  оқу-тәрбие  ісінде  пайдаланудың  жолдары,  сынып  жетекшілерінің 
жұмысы туралы мәселелер қойылады. 
Мұғалімдер  жарыс  сабақ,  панорамалық,  десанттық,  конференциялық 
сабақтар  өткізіп,  әр  мұғалімнің  педагогикалық  қызметінде  ұнамды  істері, 
шығармашылық ізденістері бар екені көрінеді. 
Мектепте  өтілетін  апталық,  семинар  жоспары  ұстаздарға  екі  апта  бұрын 
таныстырылып, хабарландыру ілінуі керек. 
Мектептегі  пән  бірлестіктерін  аптаның  алты  күніне  бөлінеді.  Әр  пән 
бірлестіктері  өздеріне  тиісті  жұмыстарын  жоспарлы  түрде  өткізуге  жұмылып, 
апта  бойы  дайындауға  кіріседі.  Сахналық  көріністерін  мұғалімдер,  ата-аналар, 
оқушылар  көріп  тамашалайды.  Мектеп  бойынша  буклет,  плакат,  бюллетень, 
шығармашылық  альбомдардан  көрме  ұйымдастырылып,  мұғалім  еңбектерімен 
келушілер қызыға танысады. Апталықтың  қорытындысы  кеңесте  талқыланып, 
барлық бірлестік бойынша атқарылып жатқан істер мен алдағы жұмыс жоспары 
қарастырылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет