К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет228/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   446
Озат  тәжірибе  мектебі.  Әдістемелік  жұмыстың  түрі  ретінде  ол, 
мұғалімдер ұжымында – педагогикалық еңбек шеберлері, озат тәжірибе иелері 
бар болса ғана құрылады және осы тәжірибені беру, басқа мұғалімдерге игерту 
үшін  қызмет  етеді.  Мектепке  келушілер  озат  тәжірибелі  мұғалімдердің 
сабағымен,  сыныптан  тыс  жұмыстарымен,  олардың  жұмыс  жоспарымен  және 
басқа  да  әдістемелік  құжаттарымен  танысады.  Оларды  өзінің  сабағына 
шақырады,  олардың  кеңесі  бойынша,  бірлесе  отырып,  кезекті  сабақты,  сынып 
сағаттарын,  т.б.  жоспарлайды.  Озат  тәжірибе  мектебі  тәжірибелі  мұғалімдер 
жұмысының  өте  маңызды  бағыты  ретінде  қарастырылуға  тиіс  және  мектеп 
ұжымы жағынан тиісті рухани ынталандыруды талап етеді. 
Озат  тәжірибе  мектебіне  көбіне  жаңа  педагогикалық  технологияны 
игерген жаңашыл мұғалімдер кіреді. Озат тәжірибе мектебінің негізгі мақсаты – 
жаңа  педагогикалық  технологияны  игеру,  оны  өмірде  пайдалану,  нәтижесін 
көрсету.  Озат  тәжірибе  мектебінің  міндеті  –  жаңа  озық  тәжірибені  үйрену, 
зерттеу,  тарату,  насихаттау.  Озат  тәжірибе  мектебінің  мүшелері  өздері  жаңа 
педагогикалық технологияны пайдаланып сабақ береді, өз іс-тәжірибесін басқа 


187 
 
жас мамандарға үйретеді, мектептегі озық іс-тәжірибені таратуға, насихаттауға 
атсалысады. 
Озат тәжірибе мектебінің мүшелері мектептің басқа мұғалімдеріне арнап 
теориялық,  практикалық  семинарлар,  конференциялар,  педагогикалық  оқулар, 
дөңгелек үстел, педагогикалық тренингтер ұйымдастырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет