Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебінің мәні: 1) адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету;
2) адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру;
3) жұмысшыларды өз қалаулары бойынша топтастыру;
4) жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал
жасау;
5) жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру;
6) өндірісте шығармашылылық белсенділікке жол ашу;
7) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім
қабылдауға қатыстыру ;
8) өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, оларды
ынталандыру;
9) адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық таныту.
1933 жылыЭ.Мэйоның «Индустриялық өркениеттегі адамгершілік
қарым-қатынастар» еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің құнды идеясы – еңбек
тиімділігін арттыру үшін жұмысшылардың психологиялық жағдайы мен көңіл-
күйін жақсарту. Э.Мэйоның пайымдауы бойынша, жұмысшыларды бақытты
ету үшін еңбек өнімділігін барынша арттыру қажет.
Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі
жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру жолдарын іздестіруге көңіл бөледі:
1) классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну
үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, билік тек жоғарыдан төмен қарай
жүруін тиімді деп есептемеді. Олар қарым-қатынастың тиімділігін арттыру
мақсатында «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды;
2) егер басшылар жұмысшыларға көбірек қамқорлық жасаса, онда
олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
25
3) басшылардың тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-
қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру және т.б.