К. Д. Бузаубакова


Жаңашыл мұғалімдердің идеялары



Pdf көрінісі
бет236/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   446
Жаңашыл мұғалімдердің идеялары: 
1)  Балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп 
қарау. 
2)  Оқушының  ішкі  жан  дүниесін,  оның  мақсат-мүддесін,  ынтасын, 
қабілеттілігін, әлеуметтік жағдайларын танып білу. 
3)  Оқушылармен  қарым-қатынасты  дұрыс  құра  білу,  оларды  оқу-тәрбие 
процесінің әріптесі, субъектісі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке 
ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру. 
4)  Оқушыларға  қиындық  мақсаттар  қоя  білу  және  оқушылардың  сол 
мақсаттарға жете алу сенімін нығайту. 
5)  Балалар  ұжымына  сүйену,  ұстаз  бен  оқушылардың  ұжымдық 
шығармашылығы. 


192 
 
6)  Оқушыларға,  мүмкін  болған  кезде,  тапсырмаларды  еркін  таңдау 
құқығын бере алу; 
7)  Бағдарламалық  материалдарды  ірі  блоктарға  біріктіру  және  тірек 
сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану. 
8)  Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету. 
9)  Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету. 
10) Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару. 
Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасына 
біріктіруге болады. 
Озық  педагогикалық  тәжірибенің  бір  түрі  болып  есептелетін 
жаңашылдық 
пен 
зерттеушілік 
педагогикалық 
тәжірибе 
сезімдік 
тәжірибелерден  теориялық  талдау  және  жинақтауға  алып  баратын  басқыш 
сияқты.  Жаңашылдық  пен  педагогикалық  зерттеулердің  бірегей  үлгісін 
көрсеткен    ғалымдар:  И.П.Волков,  Т.И.Гончарова,  И.П.Иванов,  Е.Н.Ильин, 
С.Н.Лысенкова,  М.П.Щетинин,  В.Ф.Шаталов,  Қ.Бітібаева,  Қ.Нұрғалиев, 
Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақов және т.б.  
Жаңашыл  мұғалімдердің  тәжірибесінде  оқытудың  негізгі  формасы  – 
сабаққа  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Ол  айтарлықтай  өзгерген  және  мектептің 
балалардың  дербестігін,  шығармашыл  белсенділігін  дамытуға  деген 
бағыттылығына  негізделген  жаңа  формалармен  толықтырылған.  Сабақтың 
орнын  сақтай  отырып,  қазіргі  мектеп  оған  жаңа  бағыт  береді,  оның  басқа 
формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімнің өз бетінше, дербес 
«табыскері» ретінде көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет