196
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе көрсеткішінің бірі -
жаңашылдық сипатқа ие болуы.
Жаңашылдық сабақтағы педагогикалық процесті байқау нәтижесінде
анықталады. Жаңашылдық деңгейлері әртүрлі болуы жаңалықтарды
ашудан бастап, педагогикалық еңбектердегі ғылыми жаңалықтарды тиімді
қолдануға
дейінгі
кезеңді
қамтуы
мүмкін.
Ал,
қорытындысында
алғашқылардың өзі жоғары нәтиже беруі қажет.
Келесі кезекте, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдану мен
оны үйрену оның көкейтестілігімен анықталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибе көкейтестілігін екі жақты
қарастыруға болады.
Біріншіден, жаңалық қазіргі мектептердің алдында тұрған әлеуметтік
міндеттер тұрғысынан көкейтесті болуы тиіс.
Екіншіден, кез келген педагогикалық жағдайда белгілі педагогикалық
ұжымда қолданылатын тәжірибе көкейтестілігімен сипатталады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе алдыңғы болып табылады,
егер, ол:
- қазіргі кезең мектебінің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешсе;
- қазіргі кезеңдегі теориялық базамен қаруланса;
- тиімді педагогикалық идеямен ұштасса;
- жұмысты ұйымдастырудың тиімді құралдары мен формаларын
қамтамасыз етсе;
- тәжірибеде білімнің соңғы жаңалықтарын шығармашылықпен қолданса;
- дәстүрлі тәжірибе негізінде өзіндік біріктірілген жаңа
мүмкіндіктерді аша білсе;
- өміршең тәжірбиелерді жаңа педагогикалық идеялар арқылы алға
жылжыта білсе.
Инновацияның даму зандылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан
бас тартудан пайда болады. Бұл кезеңде педагогикада инновация толық
аяқталып қаралмады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық
инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады. Алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф.Харламов береді.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне
байланысты сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: