К. Д. Бузаубакова


) Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты



Pdf көрінісі
бет245/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   446
11) Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың 
ұжымдық сипаты – ол жалпы мектептік, жекелей, деректі, дерексіз міндеттілік 
пен  еріктілікті  және  әдістемелік  жұмыстың  түрлері  мен  мұғалімдердің  өз 
бетімен білім алуын саналы үйлестіру. 
12) Әдістемелік  жұмыс  пен  мұғалімдердің  шығармашылық  ізденісінің 
нәтижелі  болуы  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау.  Материалдық,  рухани-
психологиялық, денсаулық жағдайлары мен мамандықты көтеру үшін өздігінен 
жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы. 
Көптеген  мектептерде  әдістемелік  жұмыстарды  үйлестіретін  әдістемелік 
кеңестер  жұмыс  істейді.  Мектептің  педагогикалық  кеңесіне  қарағанда 
әдістемелік  кеңестің  бір  ғана  функциясы  бар,  ол  –  әрбір  мұғалімнің 
педагогикалық  қызметінің  ғылыми-әдістемелік  деңгейін  көтеру.  Оның 
жұмысының тиімділігі ең кемі екі жағдайға тәуелді: кеңеске кімнің жетекшілік 
жасауы  және  мүшелерінің  құрамының  қандай  екендігі.  Әдістемелік  кеңеске 
білім  берудің  әртүрлі  оқу  пәндерінен  сабақ  беретін  барынша  тәжірибелі 
мұғалімдер енеді. Олар әртүрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы 
мүмкін. Көбіне әдістемелік кеңеске оқу ісінің меңгерушісі басшылық жасайды. 
 
Мектеп әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың 
тактикасын  айқындайды.  Кеңес  бірлестікте,  комиссияларда  қаралатын 
мәселелерді  қарастырады.  Мектептің  әдістемелік  жұмыстарының  жалпы 
бағдарламасын,  семинар,  практикалық  материалдардың  жоспарын  жасайды. 
Осылайша,  әдістемелік  кеңес  мектептегі  әрбір  мұғалімнің  кәсіптік-
педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайланбалы және ақылы  
өкілдікті танытады. 
 
Мектептің  әдістемелік  жұмыстарының  өзін  ақтаған  төмендегідей 
түрлерін  атауға  болады:  пәндік  әдістемелік  бірлестіктер;  мектептегі  бірыңғай 
әдістемелік  күн;  проблемалық  семинарлар  мен  практикумдар;  жас  мұғалім 


199 
 
мектебі;  озат  тәжірибе  мектебі;  мұғалімдермен  дербес  жұмыс  жүргізу;  ашық 
және  үлгілі  сабақтар  өткізу;  ғылыми-педагогикалық  конференциялар; 
педагогикалық оқу;  рөлдік,  іскерлік  ойындар;  педагогикалық  жағдайды  талдау 
және  модельдеу;  мұғалімдердің  шығармашылық  есебі;  педагогикалық 
консилиум және т.б. 
Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмысының мазмұны көп қырлы болып 
келеді.  Онда  оқу-тәрбие  жұмыстарының  және  оқушылар  білімінің  деңгейін 
көтеру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжірибені және 
педагогика  ғылымының  жетістіктерін  енгізу  мәселелері  қаралып,  жаңа 
оқулықтар  мен  оқу  бағдарламаларының  күрделі  тараулары  талқыланады. 
Сонымен  бірге  тәжірибелік  оқу  бағдарламалары  мен  оқу  құралдарының 
нұсқалары,  олардың  нәтижелері  де  талқыланады.  Бірлестік  мүшелері  білім 
беретін  және  қадағалайтын  компьютерлік  бағдарламаларды  талдап  жасайды 
және сынақтан өткізеді. Оның тиімділігі мен нәтижесіне баға береді. Бірлестік 
жұмысының 
мазмұны 
оқушылар 
білімін 
тексеретін 
тақырыптық, 
шығармашылық бақылау жұмыстарын қарастыруды да қамтиды. 
Әдістемелік 
бірлестіктің 
жұмысы 
сол 
пәннің 
мұғалімдерінің 
педагогикалық  қызметін,  оқушылардың  білім  сапасын  арнайы  жоспармен  іске 
асырылады.  Жоспарда  жаңа  оқу  жылының  мақсаттары  мен  міндеттері 
айқындалып,  негізгі  ұжымдық-педагогикалық  шаралар  (сынып  бөлмелерін 
безендіру, 
дидактикалық 
материалдарды 
сыннан 
өткізу, 
бақылау 
жұмыстарының  мәтінін  бекіту  және  т.б.)  қамтылады,  ғылыми-әдістемелік 
баяндамалардың  тақырыптары,  пән  бойынша  ашық  және  үлгілі  сабақтар 
белгіленіп,  оқушылардың  білім,  іскерлік  және  дағдыларынынң  сапасын 
тексерудің мерзімі мен түрі айқындалады.  
Әдістемелік  жұмыстардың  тиімді  түрлерінің  бірі  бірыңғай  әдістемелік 
күн  (тоқсанына  бір  рет  мектептің  барлық педагог  қызметкерлері  үшін  оқу)  екі 
тоқсан  аралығында  атқарылған  әдістемелік  жұмыстарды  қорытындылауға 
арналады.  Бірыңғай  әдістемелік  күннің  тақырыбы  мұғалімдерге  алдын  ала 
хабарланады.  Бірыңғай  әдістемелік  күннің  қарсаңында  арнайы  тақырыпқа 
педагогикалық бюллетень шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мұғалімдер 
мен оқушылар шығармашылығы, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің 
көрмесі  ұйымдастырылады.  Бірыңғай  әдістемелік  күні  атқарылар  жұмыстың 
мазмұны  төмендегілерді  қамтиды:  ашық  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  шаралар 
өткізу,  оларға  талдау  жасап,  кеңінен  талқылау,  жаңа  әдістемелік  әдебиеттерге 
шолу  жасау,  өткізілген  шараға  баға  беріп,  талдау  жасайтындай  бірыңғай 
әдістемелік күннің қорытындысы мен дөңгелек үстел, мәжіліс немесе баспасөз 
конференциясын өткізу. 
Мұғалімнің  теориялық  және  практикалық  дайындығының  біртұтастығы 
проблемалық  семинарлар  мен  практикумдар  барысында  көрінеді.  Олар 
мұғалімнің  өз  білімін  көтеру  әрекетін  ынталандырып,  оны  педагогикалық 
инновацияға  ұмтылдырады.  Проблемалық  семинар  жұмыстарының  мазмұны 
қазіргі заманғы педагогикалық теорияны қамтиды. 


200 
 
Озат  тәжірибе  мектебі  негізінен  дербес  жөне  ұжымдық  тәлімгерліктің 
мақсаты  мен  міндетін  іске  асыратын  әдістемелік  жұмыс  түрі.  Қазақстан 
мектептерінде  тәлімгерлік  дәстүрдің  бай  тарихы  бар  болғанымен  бір  мектеп 
қабырғасында  ұйымдастырылған  озат  тәжірбие  мақсатты,  толыққанды  сипат 
алады.  Бұл  мектептің  негізгі  міндеті  –  тәжірибелі  мұғалімнің,  басшының 
тәжірибесі  өз  әріптесіне  әдістемелік  көмек  көрсету.  Бұндай  мектепті 
қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады. Озат тәжірибе мектебі жұмысын 
бағалау  екі  жақты  тиімділікті  ескеруі  тиіс.  Озат  тәжірбие  мектебінің 
құрылымында  оның  бір  көрінісі  немесе  дербес  буыны  ретінде  жас  мұғалім 
мектебінің  жұмысын  ұйымдастыруға  болады.  Оның  мәні  -  жұмысты  жаңа 
бастаған  жас  мұғалімдер  тәжірибелі  мұғалімнің  немесе  мектеп  басшысының 
жетекшілігімен бірлестікке бірігеді.  
Мектептерге  эксперименттік  жұмыстар  ұйымдастыруға  кең  мүмкіндік 
беріп  отырған  кезеңде  проблемалық  (инновациялық)  топтың  әрекеті  қызу 
қолдау табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет