К. Д. Бузаубакова


Тұтас  педагогикалық  ұжымның және әрбір  мұғалімнің кәсіби даму



Pdf көрінісі
бет250/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Тұтас  педагогикалық  ұжымның және әрбір  мұғалімнің кәсіби даму  
жетістігінің  диагностикасы.  Мұғалімдердің  педагогикалық  портфолиосын 
қалыптастыру  аттестацияға  дайындау  шарты  ретінде.  Аттестацияны 
рәсімдеу,  қазіргі  кездегі  талаптар.  Кез  келген  мемлекеттің  өркендеуі  оның 
білім  беру  саласының  жағдайына  негізделеді,  ал  білім  беру  процесіндегі 
маңызды тұлға – ұстаз. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты 


203 
 
қазіргі  ғылыми  білімдермен  қаруландыру,    өзін-өзі  дамытатын  шығармашыл 
тұлға  ретінде  қалыптастыру.  Осындай  жауапты  міндеттерді  сапалы  деңгейде 
атқару  үшін,  әр  мұғалім  өзінің  білімін  жетілдіріп  отыруы  үшін  портфолионың 
атқаратын рөлі зор. 
 Портфолионың  негізгі  мақсаты  –  мұғалімнің  кәсіби  өсуінің 
мониторингін  қамтамасыз  ету,  кәсіби  маңызды  жетістіктерін  талдау  және 
ұсыну. 
Мұғалім  портфолиосын  құрастырудың  негізгі  прнинциптері:  жүйелілік; 
ұсынылған мәліметтердің дәлдігі мен толықтылығы; ақпараттың объективтілігі;  
және т.б.  
Портфолио  іс-әрекеттің  барлық  түрлерінде  (оқыту,  тәрбиелеу, 
шығармашылық, өз бетінше білім алу) мұғалімнің жеткен жетістіктерін есепке 
алуға  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  портфолиосы  жинақтау  папкасында 
(файлдарымен  бірге)  безендіріледі.  Портфолиоға  енгізілген  әрбір  материалға 
мерзімі  қойылуы  қажет.  Портфолионың  құрылымы  мұғалім  өз  алдына  қойған 
немесе әдістемелік бірлестік төрайымы бекіткен нақты міндеттердің тұрады. 
Портфолио  аталмыш  білім  беру  мекемесінде  барлық  жұмыс  мерзімінде 
директор  орынбасарларының  бірінің  үздіксіз  қатыстырылуымен  педагог 
тарапынан  жинақталады.  Портфолио  материалдарын  қосымша  ретіндде 
педагогтың жеке жұмысына енгізіп қоюға болады. Жұмыс орнын ауыстырғанда 
ұсыныс хат ретінде немесе қосыша материал қызметін атқаруы мүмкін. 
Портфолио төмендегідей бөлімдерден тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет