Процестік өлшем: 1) мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
2) өткізетін сабақтарының сапасы, оқу және тәрбие жұмыстары;
3) оқыту және тәрбиелеу барысында әр оқушыға жекелей қатынас
жасаудағы мұғалім ептілігі;
4) ата-аналармен
жұмыс, бала тәрбиесіне байланысты отбасыға
педагогикалық жәрдем (қолдау) ұйымдастыра білуі.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес қаулысымен
сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сәйкес мұғалімнің (педагогикалық
қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады: сарапқа
түсу жөніндегі өтініші, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар көшірмесі,
бақылау-қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын орындағаны туралы
эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы, білім беру мекемесі
басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау
комиссиясына, бірінші категория үшін – аудандық комиссияға, жоғары
категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.